Kazakhstan Institute for Strategic Studies

under the President of the Republic of Kazakhstan

The First President of the Republic of Kazakhstan –

Elbasy N.A.Nazarbaev's Address to the People of Kazakhstan

Growing welfare of kazakh citizens: increase in

income and quality of life

Well-being of the population and accession of Kazakhstan to the list

of 30 developed countries are the long-term goals of our independent state.

«Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақ«Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақхандығының 550 жылдығына арналған) бұл ғылыми жұмыс – IV томдық монографияның кеңірекқамтылып, толықтырылып, қайта басылған, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, этнографиясын жәнетіл білімін «батыс шығыстануындағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеу» мақсатындажазылған өзектілігі жоғары еңбек.

Кітапта Орталық Азия және Ішкі Еуразияны зерттеу контексіндегі шығыстану мектептерініңқалыптасу мәселелері мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, Орталық Азия тарихы бойыншаежелгі және ортағасырлық дереккөздер талданған, олар – Орталық Азия халықтары туралы ежелгіавторлардың деректері, автохтонды, ортағасырлық дереккөздер, мұсылмандық тарихнама, соныменқатар, маңызды қытай дереккөздері. Еңбекте аймақтағы ортағасырлық тарихтың негізгі бағыттарыайқындалып, номадизмнің тұжырымдамасы мен көшпенділердің мәдениеттануы, түркітану, алтайтанужәне аймақтағы көне, әрі ортағасырлық тарихтың тіл білімі, ең бірінші кезекте қыпшақтану (куманоло-гия) сияқты бағыттарды қосады.

Әсіресе батыстық шығыстанудағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерделеуге ерекше на-зар аударылады. Мұнда кеңінен қарастырылған мәселелер: көне замандағы дереккөздер мен Жаңадәуірдің қазақтары туралы деректер; еуропалық жиһанкездердің және ғалымдардың қазақтар менҚазақстан туралы жазбалары мен аймақта ғылыми жұмыс жүргізгендегі бақылау мәліметтері. Моно-графия қазақ номадизмінің феноменін географиялық фактор және табиғи орта, әлеуметтік құрылым,саяси жүйе және қазақтардың көшпелі мәдениеті сияқты ғылыми мәселелер контексінде қарастырады.

Еңбекте Орталық Азияны зерттеу контексіндегі шығыстану мен саясаттанудың өзара байланысымен сабақтастығы ұтымды көрсетіліп, Шығыс және Батыс елдерінде тарихи отанынан жырақта жүргенқазақтар туралы әдебиеттер ұсынылған.

Кітап тарих, тарихнама және шығыстану, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясатта-ну сынды бірқатар мамандықтарға арналған. Сондай-ақ, бұл монография шығыстану, тарих, саясат-тану, халықаралық қатынастар факультеттері мен кафедраларына оқу құралы ретінде пайдалануға даұсынылады.

Открыть книгу

Publications