Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Әсел Назарбетова, https://el.kz/kz/news/litsa/el_keleshegi_ushin_manizdi_sat_tudi

Мемлекет   басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, онда кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін мәлімдеді. Мерзімінен бұрынғы сайлау үстіміздегі жылдың 9 маусымында өтетіндігі туралы тиісті  Жарлыққа қол қойылды.

Осы уақыттан елімізде сайлау науқаны басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, халықты сайлау науқаны барысында жауапкершілік танытуға, алдымызда тұрған міндеттерді абыроймен атқаруға шақырды.

Қазіргі ішкі саяси ахуал қазақстандық қоғамның, халықаралық қауымдастықтың назарында. Сол себепті елдегі бейбіт жолмен жүріп жатқан биліктегі өзгерістің логикалық нүктесі қойылуы тиіс, халық та, бақылап отырған сырт көздер де сабаларына түсуі қажет. Сайлаудың болатыны толықтай күтілген жағдай болатыны. Енді міне мерзімі белгіленді.

Сайлау өткізу туралы шешім қоғамның алып-қашпа әңгімелеріне тосқауыл қояды, сан-сауал сұрақтарға жауап береді, сол арқылы саяси және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл, бірінші кезекте, еліміздің тыныштығы, азаматтарының мүддесі үшін қажет.

Мемлекетіміздің ары қарай даму жолын жалғастыруы, алдына қойған міндеттерді табысты атқаруы, стратегиялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруы, халық болашағына алаңдамауы үшін жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланған, тұрғындардың сенім мандатына ие болған, заңды, толықтай президенттік өкілеті бар тұлға қажет екені сөзсіз.

Мұндай айқындылық ішкі және сыртқы саяси мәселелерді толыққанды жүргізіп, билік мәселесіне алаңдаушылықты басып, ел дамуындағы келесі кезеңді нық сеніммен, үлкен жауапкершілікпен бастауға мүмкіндік туғызады.  

Басылымдар