Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Әсел Назарбетова,http://kisi.kz/images/KjD2-2019.pdf

Қазіргі заманғы жағдайда қоғамдағы жаһанданудың ықпалы құндылықтар жүйесінің айтарлықтай өзгеруіне алып келеді; ақпараттық және саяси технологиялар әлемнің түрлі өңірлерінде тұрақсыздықты қалыптастыруға және жаңғыртуға бағытталады; дін геосаяси мүдделердің өзгеру факторына айналады, ал терроризм діни-уәждемелі сипатта болады.

Терроризм жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіре отырып, қарсы іс-қимыл (алдын алу, ескерту, басу, салдарларды еңсеру) шараларының барабар жүйесін құру жолдарын іздестіру мәселесін туындатты. Табиғаты, қозғаушы күші, мақсаттары мен нысандары бойынша әртүрлілігіне байланысты терроризм өзін әлемнің түрлі аймақтарында көрсетуде, сондықта жалпы ғана емес, сондай-ақ сараланған тәсілдерді де талап етеді.

Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғам мен мемлекетті қорғау болып табылады, осыған байланысты қоғам мен террористік қауіп-қатерлерден мемлекеттің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету шараларының жүйесі әзірленіп жетілдіріледі, террористік ұйымдардың іс-әрекетін анықтауда және жолын кесуде белгілі бір тәжірибе жинақталды; терроризм мен экстремизмнің алғышарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны құру мен жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Террористік қауіп-қатерлерге қарсы күресудің айқын шарты терроризм қаупіне жауап берудің ымырасыздығы, табандылығы және қатаңдығы болып табылады.

Қазақстанда қабылданған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қылмыстық-құқықтық доктринасы мен парадигмаларын негізге ала отырып, қылмыстық заң арқылы тыйым салу мен жазалауға тек іс-әрекеттердің өздері жатады, ал идеология мен сананың жай-күйі (қандай да бір дәрежеде) тек іс-әрекеттердің уәждері немесе мақсаттары ретінде («нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік не араздық себептері бойынша») көрсетілуі мүмкін. Алайда, кең мағынасында адамды әрекетке итермелеу жүйесі ретінде түсінілетін тиісті уәждер мен мақсаттар кез келген қылмыстық әрекетті экстремистік әрекетке «айналдыруы» мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстық қуғын-сүргін бір өзі терроризм феноменіне айтарлықтай ықпал ете алмайды, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстық заңнаманы қатаңдату жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, әдетте, әлеуметтік ортаны, әлеуметтік саясатты өзгертпестен, ұлттың рухани және адамгершілік амандығын жақсарту жөніндегі шарасыз, теориялық зерттеулер мен ұйымдастырусыз және профилактикаға, оңалтуға және экстремизм мен лаңкестіктің қауіп-қатерін еңсеріп, бұғаттауда жалпы жанжалдасудан келісу парадигмасына көшуге бағытталған қолданбалы практикаларды іске асырусыз күтілетін нәтижелерді бермейді. Экстремизмге қарсы заңнамаға тән олқылықтар мен қайшылықтар бар. Түрлі институттар жүзеге асыратын алдын алу қызметінің маңызы зор. Сондықтан Қазақстанда терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, идеологиялық, білім берушілік, дінтанушылық және басқа да аспектілерін қамтитын кешенді бағдарламаны әзірлеп, іске асыру өзекті болып табылады.

Діни уәждемелі экстремизм төрт нысанда: сананың жағдайы, идеологиялық жүйе, оны іске асыру жөніндегі іс-әрекеттер жиынтығы, сондай-ақ ұйымдық құрылымдар ретінде іске асырылатын күрделі құбылыс болып табылады.  Діни уәждемелі экстремизмнің негізгі үрдістері а) экстремизм идеологиясын қолдайтын тұрақты әлеуметтік топтарды қалыптастырумен; б) қоғамдағы кез келген жанжалдарды шешу үшін зорлық-зомбылықты пайдалануға жол берілетіндігі туралы пікірлерді қалыптастырумен; в) қызметі адам мен азаматтың жеке басы мен құқықтарына қол сұғушылықпен ұштасқан «ұлттықтан жоғары» діни топтар санының өсуімен; г) сабақтастық пен кадрлар даярлаудың өзіндік жүйесін құруды қоса алғанда, экстремистік топтардың ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірігуімен; д) экстремистік бірлестіктердің трансұлттық, жалпы қылмыстық және экономикалық сипаттағы ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірігуімен; е) экстремистік ұйымдардың, олардың көшбасшыларының институциялануымен және заңдастырылуымен; осындай ұйымдар мен олардың мүшелерінің елдің саяси элитасына кіруімен; ж) экстремизмнің жаһандануымен; з) экстремизм идеяларын насихаттау мақсатында конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланумен; и) радикалдық идеяларды тарату үшін дәстүрлі діни институттарды пайдаланумен байланысты.

Жалған дін негізіндегі экстремизм діни ұйымның қызметін, саяси мақсаттарды көздейтін қозғалыстарды арқау етіп, шектен тыс көзқарастар мен іс-әрекеттерге бейілділік ретінде көрініс табады, бірақ оның алғышарттары қоғамның белгілі бір бөлігі үшін жеке тұлғалық және отбасылық сәйкестендіру стратегияларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, мемлекет үшін саяси тәуекелдерді зерттеу ғана емес, сондай-ақ билікке деген көзқарасты наразылық жолмен білдіру де экстремистік қауіптердің даму сатысынан айқын көріну нысанына көшкенін көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарының наразы қылыққа қалыптасқан мақсатты ұстанымдарды, олардың ұйымдастырушылық негізде оқытылғанын, жойқын мақсаттар мен ықпалға бейімділігін (сезімталдығын), көлеңкелі «көшбасшылар» корпусының бар екенін және т. б. көрсетеді.

«Діни карта» Орталық Азия мен Қазақстандағы кеңістікте ойналатыны айқын, дін және діншілдік саяси тұрғыдан назар аударарлық мәртеге ие. Дін институты қоғамдық және сараптамалық пікірлерде екі жақты (оң және теріс) бағаларды алады. «Шекті» өлшемшарттарға қол жеткізу уақыты туралы және квазидіниді қоса алғанда, әртүрлі дүниетанымдық сәйкестендіру процестеріне ілесе жүретін тиісті маркерлер туралы мәселе қашанда өзекті. Қазақстан қоғамы микродеңгейде ғана емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де көрініс табатын дүниетанымдық бірегейліктің (діни ғана емес) жойқын тәуекелдерінің қарсаңында тұр.

Қазақстанда діни фактордың дүниетанымдық әлеуметтендіру арқылы бірегейлікке қол жеткізуге ықпалы қазірдің өзінде түрлі салдарға ие, өйткені діни көзқарас арқылы түрлі бағыттағы ықпалдар жүзеге асырылады, бұл дәстүрлі мәдени ландшафттың жоғалуына әкеліп қана қоймай, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің тұрақсыздығының елеулі әлеуметтік тәуекелі болып табылады. Халықтың діншілдігі мен дін (саяси құрал ретінде пайдаланылатын) Қазақстанда тарихи қалыптасқан, тұрақтылық пен келісім факторларына негізделген этномәдени, конфессиялық, азаматтық және саяси бірегейліктің дәлме-дәл моделіне негізгі «жақындау сызығына» айналды.

Едәуір қазақстандықтардың (әйелдерді, жастарды қоса алғанда) шектеулі квазидіни практикаға және тиісті өмір салтына енуі қазақстандық жолдың векторлары ретінде бәсекеге қабілеттілікті, зияткерлікті, прогресті дамыту міндеттерімен үйлеспейді. Халықтың діншілдігін дамыту жолындағы екі негізгі тәуекел тобы бөлінеді: сарапшылар бірінші топқа радикалды ислам өкілдерінің қызметін, екінші топқа көптеген шетелдік миссионерлік қозғалыстар мен жалған діни ұйымдар тарапынан белсенді экспансияны жатқызады. Қазіргі уақытта сарапшылар радикалды жалған дін идеологиясы сырттан әкелінгеніне қарамастан, ислам және ислам емес діни экстремизмнің (квази) Қазақстан Республикасында кеңеюге негізі мен әлеуеті бар екенімен келіседі.

Дін мәртесінің ауқымы кең (маңыздылығының төмендеу ретімен көрсетіледі): дәстүрлі тарихи-мәдени атрибут ретінде; этномәдени бірегейлендіру кеңістігі ретінде; адам руханиятының мәнін түсінуге арналған айрықша сала ретінде; жеке құтқару құралы және Құдаймен қарым-қатынас құралы ретінде; өмірдің мәні мен ақиқаты ретінде; адамгершілік императив және өмір салтының реттеушісі ретінде; рухты нығайту тәсілі ретінде; орындау қажет әдет-ғұрып ретінде; жаппай сананы басқару құралы ретінде, жаңылысу, өзін-өзі алдау және ескірген идеология[1].

Діни бірегейлік көптеген қазақстандықтардың тұрмыс салтын таңдауына айтарлықтай әсер етеді, бұл ретте діни қарым-қатынасқа байланысты үш негізгі тренд бөлінеді: әлеуетті мұсылман және дәстүрлі мұсылман емес халықтыңисламдануы , әлеуетті мұсылман халқының евангелиленуі және халықтың әртүрлі топтарының (ықтимал ұйғарылған этно-мәдени, соның ішінде дәстүрлі конфессиялық мәртебелері бар) бағдарсыз табынушылыққа пен іс-әрекеттерге (рухани сауығу, психотренинг) тартылуы.

Бірегейліктің діни құрамдауышымен қоса іздеу айқын көрінеді және оған руханилыққа ұмтылу ғана емес, сондай-ақ мәнмәтіндік уәждер де әсер етеді. Мәселен, мағыналы стратегияларды таңдау, әлеуметтік-мәдени бірегейлік дағдарысына ден қою, құндылықтарды жоғалту жағдайын, бұрынғы мәртебелерді (экономикалық мәртебені қоса алғанда), сондай-ақ бағытталған сипаттағы сыртқы әсерлерді бастан кешіру. Соңғысына діни бірегейліктің белгілі бір түрін қалыптастыруға бағытталған интернет-үгіт-насихат жатады.

Бұқаралық санада дәстүрлі/дәстүрлі емес діндер туралы идеологема тамырын жайған, дәстүрлі және жаңа діндерді нақты қабылдау, ажырату, бағалау, олардың рөлі мен қоғам өміріне ықпалын саралап түсіну қалыптасқан. «Дәстүрлі» деп аталатын және қабылданатын діндер ұлттық өмір салтына, мәдениетке және өркениеттің түріне сәйкестендіріледі, оларға тиесілілік этникалық топ өкілдері үшін айқын.  Дәстүрлі діндер психологияда, менталитетте, тұрмыста, мерекелер мен әдет-ғұрыптар жүйесінде, этностардың ойлау түрі мен тәсілінде, әдет-ғұрыптарда тамырын тереңге жайған. Жаңа діндер тез өзгеретін әлеуметтік-мәдени және саяси жағдайларға бейімделу процестеріне көбірек бағытталған. Жаңа діндер мен ғұрыпар айла-шарғымен ақпал етудің заманауи нысандары мен әдістерін қолдана отырып, қандай да бір себептермен зайырлы және дәстүрлі діни институттармен ұсынылмаған өзекті функцияларды іске асыру қажеттілігін пайдалану арқылы дәстүрлі діндерді агрессивті түрде ығыстырады. Жаңа нысадағы діни институттар қоғамдық тәртіптің өзгеру жағдайында бірқатар әлеуметтендіруші функцияларды атқарды, қазақстандықтардың үш ұрпағының қатарынан көптеген жақтастарға ие болды, халықаралық бақылаушылардың күшті қолдауына ие, қазақстандық сарапшылардың қамқорлығында, тіпті отандық әлеуметтік-мәдени ортада дәстүрлі дін мәртебесіне үміт артады.

Дәстүрлі діни наным-сенімі мен жаңа ғұрпы бар респонденттердің өзін-өзі тануы соңғылардың жақтастарды тарту және неофиттердің жүгінуі бойынша қарқынды және агрессивті жұмыс жүргізетінін көрсетеді, бұл бүкіл осы процестің алға қойған мақсаттарын анықтап тану, оған проблемалы және өзекті сипат беру үшін объективті өлшемшарт болып табылады. Діни ұйымдардың рейтингі азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етуге бағытталған мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдарға қарағанда анағұрлым салмақты болып отыр. Діни ұйымдарға жаңа өкілдерді тарту әлеуметтік мәселелерді шешуді, әр адамның өмірінде бар өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсетуді жеке мақсатта пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Азаматтардың әлеуметтік «қараусыздығына»  алып келетін деструктивті ұйымдарға қызметі қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталуы тиіс жергілікті билік органдары, қоғамдық және саяси ұйымдар қарсы тұра алады және қарсы тұруы тиіс.

Дін ретінде тіркелген және жұмыс істейтін бірқатар діни бірлестіктердің қызметінде Қазақстанда болу мақсаттары әрдайым нақты көрсетілмеген, оның себептері жиі ауысып отырады. Діни насихат пен ағарту түрінде саяси қарсы насихат жүзеге асырылады; әлеуметтік бөліну, діни ерекшелік, өзге діндерге төзбеушілік идеялары уағыздалады; діншіл адамдардың туыстары мен жақындарына, жақын тұратын отандастарына, мемлекеттік билік пен басқару органдарына қатысты наразы қылық таралады; ислам дінін ұстанушылар, мемлекет пен қоғам институттарына қатысты жақтаушылардың санасы мен мінез-құлқын экстремизациялауға жағдай жасалады; діни емес, басқа да іс-әрекеттер және т. б. жүргізіледі.

Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін де экстремизм мен терроризм (соның ішінде діни уәждемелі) шындығы тән. Қоғамдық пікірде қазақстандық қоғамда діни наным-сенімнің сәйкессіздігі, соның ішінде діни радикализмнің көріністері негізінде агрессивтілік пен қарсылықтың пайда болу мүмкіндігі орташа мәнді деп бағаланады (1-сурет).

1 1akjpg

 

1-сурет – Қазақстандық қоғамда діни наным-сенімнің сәйкессіздігі, соның ішінде діни радикализм көріністері негізінде агрессивтілік пен қарсылық пайда болуы мүмкін бе? (%)

Бұқаралық сана дінді тасаланатын қызметті айқын таниды. Қазақстандық қоғамның дүниетанымдық кеңістігінде институционалдық құрылымдардың ықпалымен әртүрлі үрдістер белең алуда. Экстремизмнің «агенттері» жалпыға түсінікті: діни сектанттық, жалған діндер (соның ішінде – емшілік табыну, қаржылық пирамидалар) және радикалды ислам, оларға қатысты респонденттер олардың қызметімен байланысты жағдайлардың проблемаларын бағалаған (2-сурет). Жалған діни ағымдардың, діни сектанттардың ықпал ету тәуекелдерін бағалаумен салыстырғанда, радикалды исламның таралу мәселелерін бағалау біраз әлсіз нұсқада көрініс тапты, респонденттердің үштен бірінен астамы (35,2%) жағдайды мемлекет бақылайды деп санайды, төртінші бөлігі (26%) процестің жасырын сипатын және ықтимал теріс көріністерді көрсетеді, бесінші бөлігі (19,1%) жағдайды ауыр және арнайы мемлекеттік шаралар қабылдауды талап етеді деп бағалайды.

2 akjpg

2-сурет – Діни сектанттардың, жалған діни ағымдардың, радикалды исламның таралуымн және қызметімен байланысты жағдай қаншалықты күрделі? (%)

Қазақстандықтар мемлекет тарапынан экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл шараларының басымдығын белгіледі (3-сурет).

3 akjpg

3-сурет – Экстремистік идеяларды жою үшін не істеу керек? (маңыздылығы бойынша бағалаңыз) (%)

Кейінгі кеңестік кеңістік елдерінде (Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және т.б.) экстремизм мен терроризмге үндейтін дәстүрлі емес діни ағымдардың енуі соңғы жылдары агрессивті және прозелиттік миссионерлікпен байланысты, оның басып кіруі Қазақстан үшін де толерантты діни ландшафтты бұза отырып, теріс салдары болуы мүмкін. Бұл үрей негізсіз емес. Қазақстандықтардың радикалды үлгілер бойынша діни конверсиясы барысында өмір салтын алдын ала анықтайтын, дәстүрмен, өскелең ұрпақты тәрбиелеу тәсілдерімен, саяси бағдарлармен, азаматтық ұстанымдармен байланысты жүзеге асыратын көптеген әлеуметтік-мәдени маркерлер «алға жылжуда».

Діни конверсия процестерінің жандануы негативизмнің шеткі нысандарынан, соның ішінде діни-уәждемелі экстремизм мен терроризмнен көрініс табатыны жиі байқалады. Квазимемлекеттік құрылымдарға түскен конвертиттер үшін әлеуметтік байланыстарды шектеуді, сана мен мінез-құлықты бақылауды, ұйым мақұлдамаған ақпаратты алуға тыйым салуды, сыни ойлаудан бас тарту талаптарын және т. б. тудыратын жағдайлар әсер етеді. Мұның барлығы деструктивті бағыттағы ұйымдарда конвертиттердің қабылдаудың құндылықты құрылымы бұзылған және дербес әрекетке ерік берген азаматтық санасы қалыптасқан, психологиялық және идеялық ықпалға ұшыраған қоғамға түрленуіне алып келеді.

Квазидіни құрылымдарда қатаң ұйымдастырушылық тәртіптің көрінуімен, сана-сезімге бағытталған және әдістемелік ұйымдастырылған ықпалымен, ойлау саласын бақылауға қоюмен және т.б. бұл процестердің ұйым ұсынған, баламалы идеологиясы бар (діни-саяси идеологияға үміткер) коммуникациялық желілердің ақпараттық кеңістігінде қабаттасу нәтижесінде адептерден «рух жауынгерлері» қалыптасады.

Қазақстанда әзірге толық көлемде көрінген жоқ, бірақ іс жүзінде баламалы идеологиялық ықпал ету жүйесі іске асырылды. Олардың қызметі квазимемлекеттік ұйымда азаматтық міндеттерден және адамгершілік императивтерден жоғары болу мақсатын қоятын, айқын байқалатын наразы халықтың санымен белгіленеді. Адамзат рухын (жалпы азаматтық сана, ерік, өмір сүру мағынасы) қалпына келтіру қағидаттарына негізделген, рухани мәдениеттің дәстүрлі мәдени архетиптеріне қайта оралумен жалпыұлттық менталитеттің даму процесі ерекше өзектілікке ие. Қазақстан үшін діни сананы тек этномәдени бірегейлікпен ғана емес, сонымен қатар діни өзін-өзі сәйкестендіруден «тыс» азаматтық өзін-өзі сәйкестендіруге бағытталған көзқараспен байланыстыратын тәсіл маңызды.

Азаматтық міндеттерді орындаумен және оларды діни қауымның мақсаттарымен өлшеумен ұштасқан мінез-құлықтың уәждемесі тұрғысынан шынайы өмірлік жағдайларда діншіл адамға шешу қажет дилемма бар. Егер мемлекет талаптары оның діни қауымының ұстанымдарына қайшы келсе, онда таңдау жағдайында оны зайырлы-құқықтық емес, «діни» шешімдер өрісінде жүзеге асыратын халық бөлігінің әлеуетті наразы қылығының көлемі анықталады.

Пайымдарды салыстырмалы талдау (2015 ж. және 2018 ж.) зайырлы мемлекетте діншіл адамадар заңның, мемлекеттің талаптарына, зайырлы қағидалар мен нормаларға бағынуға және тек қана құқықтық салада әрекет етуге міндетті деген түсініктің ақырындап белең алып келе жатқанын көрсетеді (4-сурет).

4 akjpg

4-сурет – Егер мемлекеттің, зайырлы заңдардың талаптары оның діни қауымының ұстанымдарына қайшы келсе, діншіл адам не істеуі керек? (%)

Егер мемлекеттің, зайырлы заңдардың талаптары оның діни қауымының «кез келген тәсілмен өзінің діни қауымының ұйғарымдарын орындауы тиіс» мәніндегі ұстанымдарына қайшы келетін болса, діншіл адамдардың мінез-құлқына арналған индикаторды таңдайтын респонденттердің бейіні үш жылдық интервалмен (2015 ж. және 2018 ж.) зерттелді. (1-кесте).

1-кесте – Егер мемлекеттің, зайырлы заңдардың талаптары оның діни қауымының ұстанымына қайшы келетін болса, онда діншіл адам кез келген тәсілмен өзінің діни қауымының ұйғарымдарын орындауы тиіс деп есептейтін респонденттердің бейіні

1 ak1jpg

Қазақстандықтардың тұрақтылыққа деген айтарлықтай күшті және басым ұмтылыстарына қарамастан, елде бірқатар геосаяси факторларға байланысты тек импортталатын сипатқа ие квазидіни негіздегі қақтығыстар орын алуда. Мұндай қызметтің мақсаты – бұқаралық сана мен мінез-құлыққа деструктивті ықпал ету, басқарылатын (икемді) жаппай сананы қалыптастыру, бір жағынан, жаппай сананы жаһандық/квазидіни тәртіптің белгісіз құндылықтарына қайта бағдарлаумен айналысатын, екінші жағынан, қолданыстағы мемлекеттік құрылысты өзгертуге ұмтылатын, діни риториканы тасаланатын, жасырын жұмыс істейтін саяси ұйымдардың желісін құру. Жалған діни негіздегі экстремизмнің алдын алу үшін әлеуметтік өмірдің түрлі салаларында шиеленістің даму параметрлеріне тұрақты мониторинг жүргізу, халықтың барлық топтарының өзекті қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуін зерделеу талап етіледі.

Қазақстан қоғамы әртүрлі діни сенім өкілдеріне қатысты толерантты, елдегі діни әртүрлілік қарқынды діни қарым-қатынасқа жағдай жасайды, ал діншілдікте қалыптасқан дәстүрдің болмауы осы процестің қарқынына және жылдамдығына ықпал етеді. Білім беру жүйесін үнемі реформалануына және ағарту практикасының жоғалуына байланысты құндылыққа бағытталған сананың құрылымы қалыптаспайды әрі жаңғыртылмайды, осының нәтижесінде жеке тұлғалар талап етілетін азаматтық әлеуметтендіруден өтпейді. Әртүрлі әлеуметтік қабаттардан шыққан әлеуетті отандастар мен белгілі бір адамдар тобы олардың санасына квазидіни бағыттағы экстремистік ұйымдардың қол жеткізуі үшін осал болады. Жасөспірімдер мен жастар психологиялық жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік әлжуаздыққа байланысты экстремистік идеологияларды таратуға қолайлы орта болып табылады: олар күнделікті өмірдегі проблемаларды шеше алмай, діни экстремистік ұйымдарға кіреді. Жасөспірімдер мен жастар ортасында қылмыстық діни экстремизмнің алдын алуда тәрбиелік шараларға ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп «білім беру арқылы тәрбиелеу» принципін жүзеге асыра отырып, осы құбылыстың ерте алдын алатын негізгі субъектілердің бірі бола алады және болуы тиіс. Бұл адамгершілік және рухани тәрбиені мектеп бағдарламасына қайтаруды көздейді. Оқу-әдістемелік материалдарды, оқу құралдарын және тәрбие-білім беру (тек білім беру) мазмұны бар оқулықтарды әзірлеумен қатар, жалпы орта білім беру саласындағы, экстремизмге мектеп тәрбиесінің функцияларын «заңдастыра алатын» жаңа мемлекеттік стандарттарды қабылдау қажет.

Қазақстанның мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында «Терроризмге қарсы іс-қимыл негіздері» пәнін оқытуды енгізу өте орынды шешім болар еді. Қазір оны «бірден» жүзеге асырып, оқу-әдістемелік базаны құрып, білікті педагогтарды әдістемелік оқыту қажет. Түрлері мен ауқымы сан алуан террористік әсер ету қатерлерінің өсуі жағдайында террористік әсер ету қатерлерін іске асыру мүмкіндігін ескере отырып, барлық мамандар мен жетекшілерді практикалық іс-әрекетке дайындау қажеттілігі өзекті болып табылады. Өскелең ұрпақты діни, ұлттық, этностық дәстүрлердің алуан түрлілігін тану және құрметтеу рухында тәрбиелеу, басқа адамдардың құқықтарын бұзбай өз құқықтары мен міндеттерін іске асыруға ұмтылу мифтер мен ырым-жырымдарды бұзуға, жанжалдарды шешудің заңды тәсілдерін пайдалану әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алайда, мұндай қызмет келесі проблемалар шешілмеген кезде қажетті нәтижелер бермейді: кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, олардың әлеуметтік тәртіпсіздігі; халықтың қалың жігінің маргиналдануы; квазидіни, діни-бүркенішті, ал шын мәнінде террористік қызметке қатысқан адамдарды психологиялық оңалтудың тиімді жүйесінің болмауы; қазақстандық қоғамды біріктіруге, діни нанымына немесе этникалық тиесілігіне байланысты жаңа бірегейлікті қалыптастыру үшін ынталандыра алатын мемлекеттік идеологияның болмауы; мектепте дінтану білімін, сондай-ақ мамандандырылған оқу мекемелерінде діни білім беруді, оңалту ұйымдарында діни ағартуды жүзеге асыруға қабілетті кәсіби кадрлардың тапшылығы. Кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру, жұмысқа орналасуға көмек көрсету, жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау - діни уәждемелі экстремизмнің қылмыстық көріністерінің ерте алдын алу жөніндегі қызметтің ажырамас бөлігі.

Қазақстандағы діни процестердің мониторингі а) халықтың дінді қабылдауының ырықтануына (жеке, сондай-ақ топтық және қоғамдық өлшемдерде), б) дін саласындағы мемлекеттік саясат векторларымен, атап айтқанда тарихи-мәдени парадигмалар мен дәстүрлерді ұстану қажеттігі туралы тұжырымдармен келіспейтін респонденттер санының өсуіне, в) дәстүрлі діндердің қызметін сыни бағалайтын және жаңа діни практикалардың қызметін оң бағалайтын аймақтарды кеңейту арқылы қоғамдық пікірталастың елеулі ауқымына, г) дін саласындағы мемлекеттік саясаттың діни негіздегі радикализмнің пайда болу мүмкіндігіне байланысты болжалдардың ұлғаюына беталысты анықтауға мүмкіндік береді.

Сараптамалық бағалау мен қоғамдық мониторинг деңгейінде, сондай-ақ бұқаралық қабылдауда мемлекеттік құрылысты күштеп өзгертуге немесе билікті күшпен басып алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға, осы мақсатта діни араздықты және жек көрушілікті қозғауға, арнайы ұйымдастырылған дайындық насихаттау мен оқыту қызметін жүргізуге бағытталған, өз негізінде діни уәждемелі, мәдени қалыптастырушы және діни бүркеніш қызметті нақты ажырата білу қажет.

Мұндай қызметті діни (жалған діни) уәждер негізінде азаматтарды ұйымдарға, қозғалыстарға (көбінесе саяси) тарту, оқыту, тікелей қатыстыру арқылы олардың сана-сезімі мен мінез-құлқын экстремизациялауға бағытталған және сонымен байланысты қызмет ретінде, мемлекеттің құқықтық нормаларыман үйлеспейтін қызмет ретінде айқындау қажет. Дінді адамға рухани тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да билік ету ретінде түсіндіру қадамдары да деструктивті әсерлерге жатқызылуы тиіс. Қазақстанның дәстүрлі діндері мен жаңа діндер (ағымдар, бірлестіктер, қозғалыстар) арасындағы қайшылықтардың өсуін күтуге болады. Жанжалдың ашық қарама-қайшылықтары мен нақтылығы байқалмаса да, дәстүрлі құндылық-мағыналық реттегіштерді жоғалтуға немқұрайлы қарайтын туғандар мен жақындарының діни таңдауына төзімді қарым-қатынасы бар отандастар саны көбеюде. Қазақстандағы діншілдік түпкілікті нәтиже белгісіздігінің үлкен дәрежесімен қалыптасады.

Қазақстанға ізгілікті бірегейлікке қол жеткізу үшін адами капиталды дамытудың заманауи тәсілі, сан алуандық пен бәсекелестік жағдайында өмірлік стратегияларды қалыптастыра алатын, өзіне және басқаларына қатысты дербес және жауапты шешімдер қабылдай алатын, тұлға ретінде жетілген, әлеуметтік ұтқыр және құзыретті азаматтар ұрпақтарының тиімді қалыптасуы қажет екені анық. Іс жүзінде бұған керісінше жағдайлар орын алуда: объективті және субъективті сипаттағы бірқатар жағдайлар мен факторлар азаматтардың білім беру жүйесіне, тиісті еңбек әлеуметтенуіне, табысты отбасылық стратегияларды қалыптастыру үшін жағдайлардың жеткіліктілігіне қол жеткізуінің төмендеу қарқынын үдетеді.

Ағымдағы әлеуметтік-экономикалық және идеялық жағдайлар қоғамды топтастыру тәсілі ретінде күшті ғылыми-негізделген саяси идеологияны жүзеге асыруға міндеттейді.

Қазақстандықтарға тән емес жалған діни бірегейлік менталитін күштеп таңу жөніндегі діни-экстремистік әрекеттерге қарсы тиімді іс-қимыл тұрғысында:

  • Қазақстандағы экстремизм феноменін және діни уәждемелі экстремизмді кешенді әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу тәжірибесіне бастамашылық ету;
  • заңнамада қолдану мақсатында қолдануда тиімді және қарама-қайшы емес глоссарийді (саяси сипаты бар және жеке тұлғаның дамуына, топтық бірегейлікке және қоғамдық қауіпсіздікке теріс әсер ететін жалған діни, квазидіни, деструктивті қызмет туралы ережелер) әзірлеу;
  • мұндай қызметті айқындауға арналған өлшемшарттарды әзірлеп, «жалған діни», «деструктивті» қызмет тұжырымдамаларын заңнамалық түрде енгізу;
  • діни бірлестіктерге азаматтық қоғамға өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын және оларды жүзеге асыру нәтижелерін жан-жақты талқылауға беруді ұсыну;
  • Қазақстандағы рухани-мәдени ахуалға араласатын барлық халықаралық ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік ТД және радиоарналарда дәстүрлі діндер туралы ағартушылық бағдарламалар циклін құру;
  • Қазақстан Республикасындағы діншілдіктің әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерінің бірыңғай деректер банкін құру;
  • толеранттылық, ар-ождан бостандығы туралы терминологиялық даулардың саяси осалдығын көрсету;
  • интернет порталдар мен блогтарды қоса алғанда, «Қазақстандағы дін» тақырыптық айдарлары бойынша жарияланымдардың мониторингін жүзеге асыру, пән бойынша пікірталастардың қауырттылық деңгейін зерттеу;
  • халықтың әртүрлі топтары үшін азаматтық әлеуметтендіруге, мультимәдени және көп конфессиялы сипаттағы ортақтықты қалыптастыруға бағытталған Бос уақытты өткізудің мемлекеттік бағдарламасын (оны Республикалық бюджетте арнайы жолмен басым бағдарлама ретінде бөле отырып) әзірлеу қажет.

Республикада зерттеудің заманауи әдістері мен технологиялары негізінде менталдық процестерді мамандандырылған жүйелі зерделеудің, мониторингілеудің болмауы азаматтардың жаппай санасына, әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етудің пәрменді тетіктерінің жойылуына әкеп соғады. Қоғамда азаматтық бірігуге және билік институтына деген сенімнің әлсіреуіне әкеп соғатын наразылықтың ықтимал көріністеріне алдын ала ден қою тетіктері әрекет етуі тиіс.

 

[1] Осы жерде және одан әрі мәтін бойынша «face to face» сауалнамасы әдісімен 2000-3500 респондентті қамтитын репрезентативті ұлттық іріктеу бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты жүргізетін сандық әлеуметтік зерттеулер, сондай-ақ жоғары оқу орындарын, талдамалық құрылымдарды, ҮЕҰ, сондай-ақ бейінді министрліктерде және әкімдіктер жанындағы өңірлік басқармаларда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің арасында сараптамалық сауалнамалар деректері пайдаланылады.

Басылымдар