Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Әсел Әбен, https://www.inform.kz/kz/ukimettin-zhumys-sapasyn-arttyru-ushin-memlekettik-apparatty-reformalau-kazhet-sarapshy_a3607363?fbclid=IwAR0hyIxMv58Wfvll69x_4EI-JOKF9Ed_J7q_4rVHld0QDXH43oKYWHI2D1c

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, экономика ғылымдарының Ph.D докторы Әсел Әбен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысындағы бастамалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық реформалардың жаңа бағыты қажеттігін атап өткен. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалаудың нақты бағыттарын белгіледі, олар – лайықты еңбекақы төленетін жұмыс орындарын құру, адам капиталының сапасын арттыру, айқын және прагматикалық салық-бюджет саясаты, жеке кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту. Экономиканың сапалы өсіміне қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы қажетті шарттарды нақты белгіледі: «Айқын мақсаттар, түсінікті міндеттер және олардың толық орындалуы», - деді спикер ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, көп жағдайда орын алған мәселелер тиімсіз басқарумен, мемлекеттік аппараттың кемшілігімен және стратегиялық бағдарламалардың іске асырылуын төмен бақылаумен байланысты. «Жалпы, кемшіліктердің болуына қарамастан, Мемлекет басшысы Үкімет құрамына сенім артып отыр. Алайда, Үкіметтен жұмыс сапасын арттыру, үлкен икемділік, табандылық, тиімділікті арттыру талап етіледі. Бұған мемлекеттік аппаратты реформалау және мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру арқылы қол жеткізуге болады», - деді Әсел Әбен. Айта кетейік, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелеріне берілген міндеттерді орындау үшін көктемге дейін уақыт берген еді.

Басылымдар