Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Әсел Әбен, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/2844601875615714

Әлем өте жоғарғы жылдамдықпен таралатын коронавирус пандемиясына ұшырады. Вирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген елдер үкіметінің белсенді және жөнге салынған жұмысының, бұрын-соңды болмаған карантиндік шаралар қабылдаудың, сондай-ақ қатаң режим мен санитарлық бақылаудың сақталуының арқасында ғана оның таралу жылдамдығын барынша тежеуге қол жеткізілді.
Әлемдік экономиканың түрлі салалары коронавирустық инфекцияның ықпалына байланысты дағдарысқа түсті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) COVID-19 індеті ағымдағы жылы жаһандық экономиканың өсу қарқынын екі есе, 1,4-1,5%-ға дейін төмендете алатынын мәлімдеді, Қытай мен АҚШ, Еуроодақ және басқа елдер арасындағы тұрақты жеткізілімдер тізбегінің бұзылуына байланысты жаһандық сауда айналымы 3,75%-ға қысқарады. Экономиканың дағдарыстық әсерлері Азияға, Еуропаға және Солтүстік Америкаға біртіндеп таралуда. Әлем елдерінің үкіметтері вируспен күресуге және өз экономикасын қолдауға үлкен қаражат бөліп жатыр. Тек Қытайдың бір өзі коронавируспен күресуге 10 млрд АҚШ долларын бөлді және салықтан босатып, жеңілдікті несиелер есебінен өндірісті ынталандырудың ауқымды бағдарламаларын іске қосты. Басқа елдер де бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда .
Қазақстанда коронавирус жағдайы уақытылы бақылауға алынып, халықтың жаппай жұқтыруын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, сыртқы факторлардың әсері ұлттық экономикаға қатты қысым көрсетіп, жалпы қолайсыз жағдай қалыптастырды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың және ҚР Үкіметі қалыптасқан қиын жағдайға жауап ретінде дағдарысқа қарсы шаралар әзірлеп, қабылдады, отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 млрд теңге бөлінді. Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде іске асырады, қажет болған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының кірістеріне индекстеу жүргізілетін болады .
Ел үшін қиын кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретінде Қазақстан халқына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің іс-қимылдарын қолдауға, осы күрделі кезеңді бірлесіп, ортақ күш-жігермен еңсеруге шақырды. Елбасы Тұңғыш Президент Қорынан еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шаралар үшін 200 млн теңге бөлуді тапсырды.
Өзінің халыққа деген үндеуінде ол тек ортақ күш-жігермен, бірлігіміздің бен әрқайсымыздың жауапкершілігіміз ғана қиындықтарды жеңе алатынына сенім білдіреді.
Өз кезегінде, біз Қазақстан азаматтары Елбасының үндеуін қолдай отырып, бірігуіміз керек және әрқайсымыз осындай маңызды қиындықтарды еңсеру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

 

Басылымдар