Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Берік Әбдіғалиұлы, https://egemen.kz/article/204972-akimderge-baghany-khalyq-berui-kerek

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау кезінде берген уәдесін іске асыруға нақты кірісті. Сол кезде айтылып, елдің көңіліне қонған мәселелер Үкіметтің кеңейтілген отырысында айқын көрініс тапты. Солардың арасынан жеке өзіме бюджеттік қаражатты тиімді жұмсау бойынша берген нұсқаулар ұнады. Иə, Қазақстанда қаражат бар. Əртүрлі жобаларға миллиардтаған ақша жұм салу да. Қаражатты жұмсаудағы негізгі өлшем адам болуы керек. Мемлекет басшысы осыны талап етіп отыр. Мəселен, жолды жол үшін немесе қаражатты игеру үшін емес, адамдар жүру үшін салады. Жұмысқа, қаражат игеруге деген қатынас осы тұрғыда өзгеруі керек. Президент өз сөзінде миллиардтаған қаржы жұмсап жатқан өңірлерді мысалға алды. Сол жобаларды бастамас бұрын ха лықпен кеңесу қажет. Бүгінгі ең өзекті мəселенің бірі – ауылдардың қаңырап бос қалуы. Суы жоқ ауылдар бар. Ауылдардан халықтың кетуі – үлкен проблема. Негізгі себеп жұмыссыздық десек, онда зейнеткерлер неге үдере көшіп жатыр? Себебі қаладағыдай жайлы тұрмыс жоқ. Қазір ондай жағдайды шағын қазандықтар арқылы ауылда да жасауға болады. Оған технология мүмкіндік береді. Ақсақалы көшкен соң ауыл да ұзаққа бармай құриды. Бюджет үнемдеу үшін 2-3 ауылды бір ауылға көшіре салу керек дейтіндер бар. Осының салдарынан жеріміз бос, иесіз қалуы мүмкін. Мемлекет басшысы соны тоқтату үшін өңірлерді дамытудың жаңа бағдарламасын қолға алуды тапсырды. Адам мүддесін бірінші орынға қою осы жерде де алдымыздан шығады. Қаржыны үнемдеуді емес, адам игілігіне тиімді жұмсауды ойлау қажет. Үкімет мəжілісінде бюджеттің бір бөлігін халықтың қатысуы арқылы игеру жайында да айтылды. Бұл əлемде бар тəжірибе. Бюджеттің белгілі бір бөлігін қайда жұмсау керектігін тұрғын дар өздері ақылдасып шешеді. Бір жағынан соның арқасында халық та бюджеттің не екенін көзімен көріп, түсінеді. Əкімнің негізгі жұмысы – кəсіпкерге қолдау көрсету. Бұрын шағын жəне орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету тұрғысында, жоспарлы түрде жүрді. Былай қарасаң, əкімге ол тек есеп беру үшін ғана керек еді. Ал бұл жолы кəсіпкерден түскен салық жергілікті əкімдік бюджетіне қалады деп отыр. Кəсіпкердің бизнесі дамыған сайын оның салығы артады. Салық артқан сайын өңірдің бюджеті көбейеді. Яғни əкімді бұл істе ынталандыратын фактор пайда болмақ. Əр өңірге қаражат əртүрлі бөлінеді. Бұл жерде əкімнің ықпал дылығы, біліктілігі, құжат қа тиянақтылығы секілді дүниелер көп мəселені шешіп жүр. Мемлекет осының бəрін халықтың саны мен табиғи ерекшелігіне, экономикасының табысына сай реттеп отыру қажет. Үкімет мүшелері өңірлерде жиі жүруі керек. Көптеген министрлер ауыл түгіл, аудандарға аяқ баспайды. Ешқашан өңірлерде жұмыс істеп көрмеген. Ал əкімдер бүгінде облыс орталықтарын əсемдеп, одан қалса аудан орталықтарын жылтыратуға құмар. Шалғай ауылдарға аяқ баспайтын облыс əкімдері де бар. Ауылға барса да тікұшақпен келіп, тікұшақпен кететіндерді көріп жүрміз. Сол əкім сол жолмен жүріп көрсе ғой деген қыжыл бар ел ішінде. Расымен де, 5-6 сағат ел құсап жол азабын көрсе, бірінші кезекте тозығы жеткен жолдарды жөндеткізер еді. Əкімдерге «халыққа жақын болыңдар» дегенде осыны меңзеді деп ойлаймын. Осы отырыста Президент ел үніне құлақ түре білетін мемлекет қалыптастыру туралы айтты. Жер-жердегі əкімдер – мемлекеттің өкілі. Солар əр азаматтың көкейінде жүрген мəселені білуі керек. Ол үшін əлеуметтік желіде белсенді жұмыс жасап, əрбір əкімдік жанында арнайы кеңестер нақты іспен айналысуы керек. Бұған дейін халық басшыға бағынады деген түсінік болса, Президент мəселені басқаша қойып жатыр. Əкімдерге бағаны ха лық беруі керек. Ендігіде халық тан оң баға алмаған əкімнің мə се лесі қаралатыны да айтылды.

Басылымдар