Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Мадина Бектенова, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/2756628504413052?__tn__=K-R

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданында қайғылы оқиға орын алып, тәртіпсіздіктер мен адамдар өліміне алып келді. Оқиғаны Мемлекет басшысы өзінің бақылауына алды және ахуалды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жағдайдың одан әрі дамуы мен мәселені реттеу бойынша биліктің осыдан кейінгі әрекеттері халықты толғандырып отыр. Жанжалға кінәлілердің барлығын еліміздің заңдарына сәйкес қатаң жазалау туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан көптеген посттар мен азаматтардың үндеуі осыған дәлел. 
Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаға орай мәлімдеме жасап, қазақстандықтарды арандатушылыққа бой бермеуге шақырды. Ол жанжалдың негізгі себептері анықталатыны және кінәлілердің жазаға тартылатыны туралы хабарлады.
Қордай ауданындағы оқиғаның зардаптарын жою мақсатында ҚР Премьер-Министрі орынбасарының жетекшілігімен Үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет қабылдап отырған шаралар, ең алдымен, әлеуметтік- экономикалық және гуманитарлық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту керек. Жанжалдың барлық моральдық және материалдық салдарын ескерсек, мұның маңызды қадам екені сөзсіз.
Сондай-ақ республикадағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
Осыған орай, Жамбыл облысындағы оқиғамен байланысты қолға алынып отырған шаралар туралы халықты ақпараттандыру бойынша құқық қорғау және орталық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын атап өткен абзал.
Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде сонымен қатар Қазақстан халқының ең қиын сәттерде бірлігін сақтағанына және қоғамдық келісім біздің мемлекеттің іргетасы болып табылатынына ерекше тоқталды. Сондай-ақ отандастырымыздың елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық саясатын қолдайтынына сенім білдірді.
Расында да, Қазақстан үшін қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім саясаты әртүрлі этностардың диалог негізінде өзара қарым-қатынас жасауы мен бірігуінің моделіне айналды. Өзара сыйластық, толеранттылық, адамгершілік, мәдени дербестік халқымыздың әртүрлі топтарына бейбіт өмір сүруге және өзара араласуға мүмкіндік берді. 
Еліміздегі, соның ішінде этносаралық процестердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін қазақстандық қоғамның одан әрі бірігуі бойынша бірлескен әрекетті жандандыру қажет. 
Біріншіден, көрінеу жалған ақпаратты тарату үшін, сондай-ақ зорлыққа, жағдайды ушықтыруға және ұлтаралық араздыққа ашық шақыру үшін жауапкершілік туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Азаматтық белсенділіктің өсу үрдісі түсінікті, бірақ арандатушылық көңіл-күйді болдырмау мақсатында ақпараттың шынайылығы және азаматтардың саналылығы басымдыққа ие болмақ.
Екіншіден, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарды болдырмау мен олардың алдын алу бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы мен оның барлық құрылымдарының жұмысын жандандыру қажет. Президент жергілікті жерлерде шиеленісті жағдайларды тұрақтандыру үшін ақсақалдар мен беделді тұлғаларды тартудың да маңыздылығын атап өтті.
Үшіншіден, құқық тәртібі органдарына халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдау көрсету арқылы жұртшылықтың мемлекеттік билік органдарының жұмысына деген сенім факторын арттыруды қамтамасыз ету маңызды.
Осы шаралардың барлығы мемлекетімізге Жамбыл облысындағы оқиға төңірегіндегі жағдайды тұрақтандыруға, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік, бейбітшілік және қоғамдық келісім саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша белгілі бір тетіктерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Басылымдар