Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Зарема Шаукенова, https://egemen.kz/article/207894-arbir-azamattynh-otinishi-eskerilui-tiis

 

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің халыққа жыл сайынғы Жол­дау жасау тәжірибесі 1995 жылдан, яғни жаңа Конституция бойынша Мем­­лекет басшысына жүктеген міндет ретін­де енгізілген кезден бастау алады. Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ел­дің жағдайы туралы және 1997 жыл­ға арналған ішкі және сыртқы саясат­тың негізгі бағыттары туралы» тақы­ры­бымен жасалған алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазанында жарық көрді.

Осы кезден бастап, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Қазақстан хал­­қына Жолдауы және оны насихаттау мен жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар процесі өздерінің дәстүрлері мен бел­гілі бір рәсімдерін қалыптастырды. «Қазақ­стан-2030» стратегиясы ретінде танымал болған 1997 жылғы Жолдаудан бас­тап, Президент Жолдауы қоғамдық сана­дағы идеялық-құндылықтық көрі­ністі қалыптастыруға бағытталған бағ­дар­ламалық құжатқа айналып келеді.

Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі алғашқы Жолдауы қоғамда үлкен үмітпен күтілді.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі бұған дейін бұл Жолдау парла­ментшілерге, атқарушы билік органдарына, жалпы қоғам үшін еліміздің алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын нұсқаулық болатынын мәлімдеген болатын.

Сындарлы қоғамдық сұхбат – бұл мемлекет тұрақтылығының негізі, ол өз аза­маттарының әл-ауқатымен қам­та­­ма­сыз етілуі мүмкін. Президент ұсын­ған «құ­лақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасы азаматтардың барлық сындарлы сұра­ныстарына жедел және тиімді жауап беруге, билік пен қоғам арасында тұ­рақты диалог құруға негіз болады. Бұл үшін халықпен тиімді кері байланыс орна­ту қажет, соның ішінде жергілікті билік органдарының тиімділігін саралайтын сауалнамалар жүргізу де маңызды.

Қоғамдық пікір алмасу – адамдардың сұраныстарына барынша ашық және шұғыл жауап беру. Қазақстан Конс­титуцияға сәйкес әлеуметтік мемлекет бола отырып, халықтың әл-ауқаты, әсі­ресе оның әлеуметтік әлсіз бөлігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Осы тұрғыда, Елбасының атаулы әлеу­меттік көмек беру жүйесін оңай­лату, әлеуметтік тұрғын үймен қамта­масыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік жиынтық енгізу жөніндегі тапсырмалары барлық қазақстандықтар үшін жүйелі қадамдар болып табылады.

Әлеуметтік көмек көрсетудің нақты өлшемдерін белгілеу, оны жүзеге асы­руда мемлекет-жекеменшік әріптес­тігі тетіктерін тарту осы жүйенің тұрақ­тылығының кепілі болады.

Екінші жағынан, шағын және орта кәсіпті қолдаудың дәйекті шаралары азаматтардың осы санаттарына да әсер етеді. Микро және шағын бизнес субъек­тілерін тексеруге үш жылдық шек­теу салу, оған көп балалы аналарды тарту әрекеті азаматтардың осы санатын нарықтық жағдайларға бейімдеуге көмек­теседі.

Тәуелділіктің таралуын болдырмау тұр­ғысынан волонтерлік маңызды рөл атқара алады, Президенттің 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауы және көбінесе шағын бизнес санатында ұсынылатын әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қолға алуы кездейсоқтық емес.

Сонымен бірге Президент Үкіметке барлық тиімсіз шығындарды жою және кіріс­терді ұлғайту арқылы қажетті резерв­тер табу жөнінде нақты міндет қойды.

Басылымдар