Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Жолдыбалина Алуа, https://baq.kz/news/othernews/sayasi-menedzhmenttegi-/?sphrase_id=402340

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина 13 маусымдағы орталық органдардағы кадрлық тағайындауларға қатысты пікір білдірді.

"Күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық сала әрқашан да өзекті болады. Әлеуметтік-экономикалық секторға байланысты көптеген сұрақ туындап жатыр. Кеше Білім және ғылым министрін ауыстырды. Саяси менеджментке, саяси басқаруға келетін жастар толқынына сарапшылар сенім артып отыр. Әлеуметтік-экономкалық секторда әсіресе аймақтарға мән беріледі, себебі бүгінде аймақтардың ахуалы толыққанды Қазақстанның дамуына әсер етеді", - деп айтты Жолдыбалина. 

Ол өңірлерде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жастар арасында кәсіпкерлерді кеңінен дамыту, сол арқылы экономиканың өсімін жасау қажет екенін айтты.

"Мемлекеттік басқару саласына жастардың, жас толқын менеджерлердің келуі, нақты бір саланы айту қиын, мысалы, ең күрделі, ең бір қиын деген Білім және ғылым министрлігіне жас менеджерді алып келді. Әсіресе, экономика бағытына, елдегі инвестиция, инновация саласына жас менеджерлер келеді деп сенеміз. Бүгінде аймақта тәжірибесі бар мамандар екенін ескерсек, кеше тағайындалған білім министрінің аймақта үлкен тәжірибесі бар. Аймақтың мәселесін жақсы түсінгеннен кейін орталық билікке келген соң жүйелі, кешенді түрде көптеген мәселені қарай алады", - деді ҚСЗИ бөлім басшысы.

Саясаттанушы билікке келген жас менеджерлерге үлкен жауапкершілік артылатынын атап өтті. 

"Мәселе орын ауысқанда емес. Мысалы, Асхат Аймағамбетов білім министрлігінде,  облыстық білім департаменттерін басқаруда 10 жылдық тәжірибесі бар. Білім саласында 15 жыл жұмыс істеп келе жатқан адам. Аймақтардағы мәселені, ауылдағы мектептер мәселесін жақсы біледі. Министр ретінде біраз міндет жүктеледі. Бұл жерде мәселе сапалы менеджерлерді мемлекеттік билікте орталық орган басшылығына тағайындау. Мұндай жас министрді күнде тағайындай бермейміз. Өзінің жасында үлкен министрлікті басқаруда оған үлкен жауапкершілік жүктеледі", - деп сөзін түйіндеді Жолдыбалина ҚСЗИ ұйымдастырған дөңгелек үстелде.

Назерке АБИБУЛЛА

Басылымдар