Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Алуа Жолдыбалина, https://www.inform.kz/kz/alua-zholdybalina-halykpen-keri-baylanys-mobil-di-zhuyege-koshui-kerek_a3562089

«Халықпен кері байланыс әкімдердің жұмысын бағалаудың индикаторы болуына орай мынаны айтқым келеді. Жалпы азаматтардың шағымдануы мен сауалына қатысты қоғамды үш тенденция қалыптасып отыр. Біріншіден, соңғы  5 жылда азаматтар тарапынан түсетін шағымдар мен сұрау салулар саны жыл сайын артып келеді.  Практика бойынша 5 жыл көлемінде осындай үрдіс сақталса, әрі қарай да тоқтамай өседі деген сөз. Екіншіден, бізде жеке және заңды тұлғалардың сұраулары мен шағымдарын қараудың айқын тәртібі жоқ.  Сол себепті, халықтың басым бөлігі әлі күнге дейін шағым мен сұрауын жазбаша және қағаз түрінде өткізеді. Электронды пошта, сайт сияқты әр түрлі механизмдерді пайдалану деңгейі өте төмен. Үшіншіден, халық шағым жазса да, сұрау салса да бірден орталық органдарға жазады. Жергілікті органдарға шағым айтушылар мен сұрау салушылардың саны аз. Бұл  аймақтардағы жұмысты күшейту керектігін көрсетеді. Төртіншіден, біздің азаматтар кеңес беріп, ұсыныс айту жағына енжар. Жүгінімдердің көбі шағым мен өтініштен тұрады.  Яғни, екі арадағы диалогта осындай дисбаланс бар», - дейді сарапшы. Оның айтуына қарағанда, осы мәселені шешу үшін қағаз түріндегі жүгінуді азайтуда цифрлық технологияның пайдасы зор. «Бізде цифрлық палтформада диалог құруға қажет механизм бар. eGov.kz порталын мысалға келтіруге болады. Бірақ оны да пайдалану деңгейі қарқынды емес. Өйткені, электронды қолтаңба қоюдың техникалық ерекшеліктері бар.  Сондықтан бізге мобильдік қосымшалар  керек. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek жобасы,  Бас Прокуратураның Qamqor қосымшасы қазір ел арасында танымал. Жастардың белсенділігі, тіршіліктің бәрі интернетке байланып жатқанын ескере отырып, осы мобильді қосымшалар жүйесін дамыту керек.  Аймақтағы әкімдіктер осыны қолға алуы қажет.  Осы кезде ғана кері байланыс орнайды», -деген Алуа Жолдыбалина дамыған елдердің тәжірибесін мысалға келтірді. «Қандай да бір маңызды шешім, бағдарлама қабылданар кезде елдің ұсынысы жиналуы керек. Мысалы, Исландия өзінің Конституциясын әлеуметтік желі негізінде қалаған жалғыз мемлекет болып отыр. Ол елдің Конституциясындағы негізгі өзгерістің бәрі әлеуметтік желіде талқылау арқылы енгізілген.  Бізде заңдарды талқылауда «Ашық Үкімет» порталы жақсы жұмыс істеп отыр.  Ал Финляндияда 2012 жылдан бастап 50 мың дауыс жинамаған заң жобасы Парламенттен кері қайтарылады. Бұл халықтың пікірін ескеру, ұсынысына құлақ асу деген сөз», - деді сарапшы.

Басылымдар