Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Іс-шаралар

Алуа Жолдыбалина, https://www.facebook.com/ISS.Kazakhstan/posts/2756373707771865

Кеше Жамбыл облысы Қордай ауданының жергілікті тұрғындары арасында орын алған жағдай о бастан бұзақылық сипатта болғаны анық. Жекелеген азаматтардың заңсыз әрі араңдатушы іс-әрекеттері нәтижесінде туындаған бұл жанжал ақырында бассыздыққа және ең өкініштісі адам шығынына әкеп соқты. Оқиғада кінәлі тұлғалар өз әрекеттері үшін міндетті түрде Заңға сәйкес жауапқа тартылады. 
Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты өзінің қазақстандықтарға арнаған мәлімдемесінде айтты. Өз сөзінде ол болған жағдайдың салдарын жоюдағы іс-әрекеттердің нақты әрі қатаң алгоритмін берді. 
Біріншіден, оқиғаның салдарын жою мақсатында құрылған Үкіметтік комиссия аясында орын алған жанжал себептерінің нақты бағасы беріледі және ол әрі қарай себеп-салдарды жою бойынша жүйелі шараларды қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Екіншіден, комиссия іс-әрекеті төңірегінде ұйымдастыру мәселелердің бірқатары шешім табады, солардың ішінде қаза болғандарды жерлеуді ұйымдастырға көмектесу жұмыстары, сондай-ақ зардап шеккендердің жеке меншіктерін қалпына келтіру. Соның бәрі бөлек жоспарда көрінісін табады.
Үшіншіден, құқықтық кеңістік аясында ахуалды сақтау мақсатында Бас прокуратураға және басқа күш құрылымдарына істі ерекше бақылауға алу және осы оқиғаға қатысты, соның ішінде араңдатушылық өсек және жалған ақпарат тарата отырып теріс ниетпен ұлтаралық араздыққа шақыратын барлық адамдарды жауапқа тарту тапсырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстандықтарды жағдайдың басқаша сипатталуына жол бермеуге шақыруда және Қазақстан халқының татулығы мен келісімі еліміздің сөзсіз құндылығы, қоғам берекесінің негізі болып қала беретінін атап көрсетуде.
Егемен жылдары тарихи тағдыры бір, талай қиындықты бірге көтерген, нағыз бірлігі жарасқан халық бүгінде араңдатушыларға жауап ретінде: «Отанымызды ағат қылықтардан сақтайық», - деп пікір білдіруде.

Басылымдар