Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

 

1997 жылдан бастап 2001 жылға дейінгі аралықта ҚСЗИ директорларының қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар, Қазақстанның белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлері: Л.Ю. Тараков («Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы), А.К.Сұлтанғалиева (белгілі қазақстандық шығыстанушы, ислам тақырыбына арналған  монографиялар авторы), Е.К.Ертысбаев (Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі) және М.С.Әшімбаев (Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары) болды.

tarakov alma ertis maulen

Ғылыми зерттеулерде жаңа халықаралық конъюнктура жағдайындағы сыртқы және ішкі қауіпсіздік, өңірлік қарым-қатынастар жүйесі мәселелері және экономикалық дамудың негізгі трендтері алдыңғы орында болды. Осы уақыттағы ҚСЗИ зерттеулерінде  1998 жылғы конституциялық реформаның нәтижесімен байланысты Қазақстанның ішкі саяси дамуына негізделген көп партиялылықты дамытуға, оппозицияның орны мен рөлін бағалауға,  парламентаризмді дамытуға ерекше назар аударылды. ҚСЗИ билік пен  оппозиция өкілдері үшін диалогтік  алаңға айналды. Бұл кезеңде ҚСЗИ 1999 жылғы ҚР Президентін баламалы сайлау бойынша сайлау науқанының барысында үлкен жұмыс атқарды, бұл сайлауды 4 кандидаттың ішінен     Н.А. Назарбаев ең көп 81,75% дауыс жинады.

Терроризм мен экстремизм тақырыбын талдау тұрғысында ҚСЗИ зерттеулерінде әлі күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған исламтану мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастады.  М.С. Әшімбаевтың келуімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесімен өзара әрекеттестік күшейтілді (2000-2002 жж. ҚСЗИ директоры ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығын бір мезгілде басқарды).

Бұл кезде Институт жария аналитика саласындағы өз позицияларын күшейтті. 1997  жылдан бері «Қазақстан-Спектр» атауымен шығарыла бастаған «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» журналының ребрендингі орын алды.  Журналдың алғашқы редакциялық кеңесіне М.М. Тәжин (ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары), Л.Ю. Тараков (ҚСЗИ-ның  директоры), Ө.Т. Қасенов (ҚСЗИ-ның бірінші директоры), Б.Р. Ахметғалиев (ҚСЗИ консультанты) кірді.

spektr1    spektr2

1999 жылдың соңында ҚСЗИ «Analytic» жаңа аналитикалық журналын ұйымдастырды, оның алғашқы нөмірінде Н.А. Назарбаевтың сұхбаты берілді. Онда Елбасы өңірлік қауіпсіздік мәселесіне, «ауған проблемасына», Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне, БҰҰ-ның қызметіне және басқа мәселелерге жан-жақты тоқталды. Өз сұхбатын қорытындылай келе Президент елдің ішкі және сыртқы саясатының маңызды проблемалары бойынша іргелі зерттеулерді дайындаудағы ҚСЗИ-ның ғылыми қызметінің маңыздылығына тоқталды.

analit1    analit2

sait2001 жылы Институт ресми сайттың жұмысы арқылы Институттың ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға бағытталған «ҚР Президентінің жанындағы  ҚСЗИ-ның виртуалдық бейнесі» жобасын әзірледі. 

Институт халықаралық байланыстарды қалыптастыру процесінің белсенді жүргізілуін жалғастырды. ҚСЗИ мен Ф. Эберт атындағы қордың ынтымақтастығы 2001 жылдың сәуірдегі Орталық Азиядағы діни экстремизм проблемаларына арналған бірлескен конференциядан бастау алды. Институт шетелдік зерттеу орталықтарымен: Шанхай халықаралық зерттеулер институтымен, Қорғаныс зерттеулері мен талдаулар институтымен (Үндістан), Өзбекстан  Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтымен (САЗИ), Ресей  Стратегиялық зерттеулер институтымен байланысын едәуір нығайтты. Бұл ынтымақтастық қазіргі күні де жалғасын тапқан. Институттағы форматтардың бірі сараптамалық кездесулер болып табылады. 2017 жылдың жазында ҚСЗИ алаңында Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының өкілдерімен кезекті сараптамалық кездесу өткізілді. Онда ҚР мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

1997-2001 жж. аралығындағы кезеңде ҚСЗИ сол уақыттың ішкі және халықаралық күн тәртібінде болған зерттеу тәжірибелерін жинақтауды жалғастырды. 

 

 sukt ebert

Басылымдар