Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Біздің елімізде “Жауапты мемлекет - жауапты коғам -
 жауапты адам” жүйесі берік орнығуы керек

ukaz ҚСЗИ 1992 жылдың қаңтарынан – 1993 жылдың маусымына дейін КИМЭП университетінің құрамында жұмыс жасаған Стратегиялық зерттеулер орталығының (СЗО) негізінде құрылды. Қызмет еткен бір жарым жыл ішінде СЗО өзін басшылық үшін сараптамалық бағалауларды, ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындаумен мақсатты және кешенді түрде айналысатын республикадағы ең алғашқы ғылыми-зерттеу бөлімшесі ретінде көрсетті.     

Қазақстан Президенті СЗО-н жеке дербес институт ретінде қайта құырып, оған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы институт мәртебесін береді, бұл ҚСЗИ-дың елдегі kasenovжетекші талдау орталығы ретіндегі дамуының ұзақ жылдық бағдарын айқындады.     

ҚСЗИ-ның алғашқы директоры болып халықаралық қатынастар саласында тәжірибесі мол маман Өмірсерік Төлешұлы Қасенов тағайындалды. Ө.Т. Қасенов ҚСЗИ-ның түрлі халықаралық орталықтармен және стратегиялық зерттеулер саласындағы сәйкес институттармен ғылыми байланыстарын дамыту үшін өзінің күш-жігерін аямады. 1993 жылдың соңында ҚСЗИ-да әйгілі американдық аналитик Збигнев Бжезинский, 1996 жылы бұрынғы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер болды. Бұл екі кездесу де Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың қатысуымен өтті. president10Бұл кезеңде ішкі саясаттағы доминантты зерттеу бағыттары Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық реформалардың талдауы; ел экономикасындағы шетелдік капиталдың көлемі мен тиімділігін бағалау; экономикалық реформалар стратегиясын әзірлеу және ағымдағы әлеуметтік- экономикалық реформалардың тиімділігін бағалау болды. 1995 жылға дейінгі кезеңде сыртқы саяси күн тәртібінде  ядролық қаруды таратпау проблемасы мен  Қазақстанның СНВ-1 шартына қатысуы алдыңғы орында болды. Қазақстанның сол кездерде қалыптасқан сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтар  әлі де жалғасып келеді. Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған Орта Азия елдерінің ішінде ең алғашқы мемлекет болды. Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық еткен уақытында 2018 жылдың қаңтарында  Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Жаппай қырып-жою қаруын тараптау: сенім шаралары» тақырыбында сөз сөйлеуі,  біздің еліміздің бастамасымен өткізілген дебаттар әлем бойынша маңызы бар оқиға болды.    

1996 жылдың желтоқсанынында Елбасының төрағалық етуімен ҚСЗИ алаңында «Қазақстандағы бизнес климат» тақыбында дөңгелек үстел өтіп, оған қазақстандық және американдықzbignev жетекші бизнесмендер қатысты.

1993-1997 жж. даму барысында ҚСЗИ біртіндеп тәжірибе жинақтады, оның беделі артты, кәсібилігі жоғары сарапшылар негізі қалыптасып, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған негізгі құрылымы жасалды. ҚСЗИ-ның зерттеу жұмысының басты назарында бұрынғыдай ішкі саясат,  әлеуметтік-экономикалық даму, сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік болды.

 

dniao  pres kisi

Басылымдар