Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

ҚСЗИ директоры (2014 ж. қазан – 2017 ж. ақпан)

Жеке мәліметтер: 1976 жылы 26 мамырда Шымкент облысы, сайрам ауданы, Аксу ауылында дүниеге келген.. Отбасылы, төрт баласы бар.

Білімі: 1997 жылы Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін, ал 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты, кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері».

Еңбек жолы:

  • 1996 - 1998 жылдары Ақтөбе қаласының № 33 орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі, ал 1999 жылдан Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінің оқытушысы.
  • 1998 - 2000 жылдары Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Ресей мемлекеттік әлеуметтану университетінің Алматы бөлімшесінің проректоры, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2000 -2003 жылдары – Саяси зерттеулердің Орталық-Азиялық агенттігінің директоры.
  • 2003 - 2004 жылдары «Асар» Республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясаттың халықаралық институтының бас директоры.
  • 2004 - 2006 жылдары Антитеррористік бағдарламалар орталағын басқарған.
  • 2006 жылы Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайыдалған.
  • 2008 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісіне тағайындалған.
  • 2008 жылдың қарашасында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасының қаулысымен «Нұр Отан» ХДП стратегиялық даму жөніндегі хатшылығына бекітілген.
  • 2013 жылдың желтоқсаны – 2014 жылдың мамыры – Вашингтондағы Америкалық университетке арнайы профессор ретінде шақырылған.
  • 2014 жылдың қазан айынан Елбасының жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына директор болып тағайындалған.


Қазақстан республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Қазақстанның Ішкі істер министрілігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі. Қазақстандағы Джиу-джитсу мен МММ құрметті президенті.

Қазақстандық және шетелдік ғылыми және мерзімдік басылымдарда жарық көрген 100 астам ғылыми және көпшілікке арналған мақалалар авторы.

Ғылыми қызығушылықтары – терроризм мәселесі, Қазақстанның ұлттықжәне аймақтық қауіпсіздігі жәнре тарихы.

Марапаттары:

  • «Кұрмет» ордені (2010)
  • «Астанаға 10 жыл» медальі (2008)
  • «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальі (2011)
  • «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медальі(2012)

Басылымдар