Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Бас ғылыми қызметкер, саяси ғылымдардың докторы

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР: қазақ, 7 қаңтар 1959 ж. ҚазССР, Алматы қаласында туды.

БІЛІМІ:

  • 1976-1982 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, тарих факультеті, арнайы топ (неміс тілі)
  • 1987-1990 жж. - КСРО Ғылым академиясы тарих институтының аспирантурасы

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: тарих ғылымдарының кандидаты (1990 ж.), саяси ғылымдардың докторы (2003 ж.)

ҒЫЛЫМИ АТАҚ: доцент

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 1983-1985 жж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің шет тілдер кафедрасының ассистенті
  • 1985-1987 жж. – ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері
  • 1990-1993 жж. – ҚазССР ҒА Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері
  • 1990-1992 жж. - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы
  • 1992 – 1997 жж. - ҚР ҰҒА Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері
  • 1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік және қарулы бақылау басқармасының екінші хатшысы
  • 1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері
  • 1998-2002 жж. - Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігінің бірінші хатшысы (кеңесшінің қ.а.)
  • 2002-2003 жж. – ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары
  • 2003-2012 жж. - ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері
  • 2003-2006 жж. - Инвестициялық табыстылықты зерттеу агенттігінің талдамалық орталығының жетекшісінің орынбасары
  • 2006-2011 жж. - Тұңғыш Президент Қорының Әлемдік экономика және саясат институтының бас ғылыми қызметкері
  • 2009 ж. сәуір-қазан – ҚР СІМ Сыртқы саясатты талдау және жоспарлау комитетінің бастығы
  • 2013-2018 жж. - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі
  • 2018 ж. қазан – ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ:

  • 1979-1981 жж. – Алматы шет тілдер институтында француз тілінің кешкі курстары
  • 1992 ж. – Монтерей халықаралық қатынастар институтында тағылымдама, АҚШ
  • 1994 ж. – Мериленд Университетінің жанында ғылыми тағылымдамашы, АҚШ
  • 1993 ж. – АҚШ Мемлекеттік Департаментінің дипломатиялық курстары
  • 1994 ж. - Германия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында оқу
  • 1997-1998 жж. - Еуропалық интеграцияны зерттеу орталығында тағылымдама (Бонн).

Қоғамдық жұмыс:

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық ұйымның тұрақты мүшесі (1992 жылдан бастап)

МАРАПАТТАР:

  • ҚСЗИ құрмет және алғыс хаттары (2009 ж., 2011 ж., 2013 ж.)
  • «Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
  • «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» құрмет медалі (2017 ж.)
  • «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.)
  • «ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018 ж.)

Әр түрлі шетелдік қорлардың гранттары мен стипендиялар иегері - Фулбрайт қоры (1995), MacArthur Foundation (1997), Германия ғылым академиясының конференциясы (1997), Джон Кеннан атындағы Вашингтондағы институт (1998) және Римдегі НАТО қорғаныс колледжі (2002).

НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Швеция, ҚХР, Иран, Түркия, Үндістан және Пәкістанда жарияланған Қазақстан және Орталық Азия тарихы мен тарихнамасы, шығыстану, халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша мыңға жуық мақалалар мен 35 монографияның авторы.

Сараптамалық және ғылыми-талдау қызметінің негізгі бағыттары: қауіпсіздік, лаңкестік, ҚР ұлттық мүдделері, Орталық Азиядағы геосаясат, Қазақстанның Батыспен қарым-қатынасы, Орталық Азиядағы АҚШ стратегиясы, Орталық Азиядағы ЕО стратегиясы, Орталық Азия және Қазақстан туралы Батыс зерттеулері.

Басылымдар