Бас сарапшы, психология ғылымдарының кандидаты
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР: 1974 жылы 8 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
БІЛІМІ: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, психология факультеті (1991-1996 жж.); Сарбоннаның Р.Декарт атындағы Психология институты, Франция (1996-1997 жж.); Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасы, психология факультеті (1999-2001 жж.)
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: психология ғылымдарының кандидаты (2001 ж.).
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: «Өмір салты мен әлем бейнесінің өзгеруі психотарихи проблема ретінде»
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 1997 – 1998 – Қарағанды металлургия зауытының әлеуметтік-психологиялық қызметі, кадрларды тұрақтандыру бюросының психологы (Теміртау қ.)
- 1998 – 1999 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының сарапшысы
- 2000 – 2001 – Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, психология кафедрасының оқытушысы
- 2001 –2002 – «ЦЕССИ–Казахстан»» салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының далалық бөлімінің басшысы (Астана қ.)
- 2002 – 2017 – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушы, доценті
- 2005 – 2006 – «Ksilon Astana CG» ЖШС директорының орынбасары
- 2006 – 2020 – «Ksilon Astana CG» ЖШС директоры
- 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкер
- 2020 жылдың 2 қарашасынан – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ: саяси психология, саяси технологиялар