БІЛІМІ:
- 1988 -1994 әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы «Тарих»;
- 1996-1999 әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасы, мамандығы «Халықаралық қатынастар»;
- 1999 жылы «Аймақтық қақтығыстарды реттестіру әдістері (араб-израиль қақтығысы мысалында)» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады.
МАРАПАТТАУЛАРЫ:
- «Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 жыл» мерейтойлық медалі (22.11.2012 ж.)
- 2020 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрмет грамотасы
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: тарих ғылымдарының докторы
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 1994-2006 – Қайнар университеті. Атқарған қызметтері: оқытушы, халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары, аспирантура бөлімінің меңгерушісі, тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы.
- 2006-2009 – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Атқарған қызметтері: халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының доценті «халықаралық қатынастар» және «халықаралық құқық» мамандықтарының PhD бағдарламасының эдвайзері, «жалпы тарих» және «халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандықтары бойынша ғылыми атақ алуға диссертация қорғаудың докторлық диссертация кеңесінің ғалым хатшысы.
- 2009-2011 - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Ғалым хатшы.
- 2011 ж. қыркүйегінен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
БАСЫЛЫМДАРЫ:
40 астам ғылыми басылымдардың авторы (ұжымдық монография, мақала, оқулықтар), кейбірі шет елдерде шыққан. Негізгі тақыптары халықаралық қатынастардың заманауи мәселелері, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ланкестікке қарсы шараларға қатысты мәселелер.