Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері, халықаралық қатынастар магистрі
Астана қ.
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР: 1982 жылы 16 маусымда Павлодар қаласында туған
БІЛІМІ:
2004 ж. – Павлодар қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығын үздік бітірген
2006 ж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын үздік бітірген, Халықаралық қатынастар магистрі, Астана қ.
2011 ж. – Техас университеті жанындағы Линдон Б.Джонсон Мемлекеттік қатынастар жоғарғы мектебін бітірген, Мемлекеттік қатынастар магистрі, Остин қ. (АҚШ)
ҚОСЫМША КУРСТАР:
- 2003 ж. 24 қазан – «Павлодар өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қоры (Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен), «Жергілікті басқаруды демократияландыру үдерістері» курсы
- 2005 ж. маусым-тамыз – Райс университеті жанындағы Үздіксіз білім беру мектебі (Хьюстон, АҚШ), «Ағылшын – екінші тіл ретінде» курсы
- 2005 ж. тамыз-қыркүйек – Әулие Томас университеті ”ELS” тіл курсы (Хьюстон, АҚШ))
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
2006-2008 жж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті Консулдық-құқықтық мәселелер мен миграция бөлімінің маманы
2008 ж. мамыр – 2008 ж. шілде - ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті Консулдық-құқықтық мәселелер мен миграция бөлімінің атташесі м.а.
2013-2014 жж. – “Nazarbayev University and Innovation System” «Посткеңестік көшіп-қону режиміндегі мигранттардың құқықтары» жобасы жөніндегі зерттеулердің ассистенті
2014 ж. мамыр – 2014 ж. желтоқсан – Астана қаласы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ филиалының Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарманың бас маманы, Астана қ.
2014 ж. – 2015 ж. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның корпоративтік хатшысы, Алматы қ.
2016 жылдың наурыз айынан – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ САЛАСЫ: сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік