Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Қазіргі заманғы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістер:

  • Қазақстандағы ағымдағы саяси жағдайды талдау, оның ішінде Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси жағдайының мониторингі;
  • саяси және идеологиялық жаңғыртудың мәселелерін кешендік зерттеу;
  • қоғамдық-саяси үдерістерді болжау және модельдеу; 
  • саяси институттардың, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың жағдайына, діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет мәселелеріне талдау жасау;
  • ағымдағы медиалық үдерістер мен ақпараттық трендтерді зерттеу.

Қазіргі заманғы Қазақстан мен әлемдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістер:

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының мәселелері мен үрдістерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мониторингі;
  • әлемдік экономиканың даму қарқынын зерттеу және оның Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
  • өңірлік дамуды талдау, урбанизация, миграция үдерістерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу.

Сыртқы саясаттың стратегиялық аспектілері:

  • Замануи геосаяси вектор мониторингі және сыртқы саяси стратегиялар сараптамасы;
  • көршілес елдердің ішкісаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
  • Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Түркиямен, Орталық Азия, Еуропалық Одақ, Еуразиялық Экономикалық одақ және ТМД елдерімен екі жақты қарым-қатынастарға талдау жасау;
  • аймақтық және жаһандық деңгейлердегі интеграциялық үрдістерді талдау;
  • халықаралық қауіпсіздік және Қазақстанның бітімгершілік әрекеттері мәселесін зерттеу.

Ақпараттық-талдамалық және редакциялық-баспа қызметі:

  • ақпараттық кеңістіктің жедел мониторингі;
  • жұртшылықпен байланысты қамтамасыз ету, PR;
  • ҚСЗИ сайтын және әлеуметтік желілердегі парақшаларды (Facebook, Twitter) ақпаратпен толтыру;
  • «Қазақстан-Спектр», «Коғам және Дәуір», «Central Asia's Affairs» ғылыми-талдамалық журналдарды басып шығару;

          Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты стратегиялық мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізеді, ел басшылығы үшін болжама-талдау сипатындағы материалдар дайындайды.

        Институт өз зерттеулерінің негізгі бағыттары бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, халықаралық форумдар өткізіп отырады.

        ҚСЗИ шетелдердің ғылыми және сараптама құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік зерттеу жобаларын іс жүзіне асырады.

Басылымдар