Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 31 қаңтарында Пенсильвания университетінің жаһандық ғылыми-сараптамалық орталықтарының «Global Go To Think Tank Index Report» атты жыл сайынғы рейтингісі жарияланды. [1].

Рейтинг профессор Джеймс МакГэннің басшылығымен «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» бағдарламасы аясында құрастырылып, аналитикалық орталықтардың әлемдік беделді рейтингі.

Биылғы жылы американдық университет 2018 жылғы 8162 сараптамалық орталықтың қызметіне талдау жасаған, оның 31-і Қазақстанға тиесілі. Өткен жылы рейтингте 28 қазақстандық Think Tank болды (Сілтемені қараңыз. https://repository.upenn.edu/cgi/viewcontent.cgi?article=1017&context=think_tanks.

Кесте 1. Елдер бойынша аналитикалық орталықтар саны

2

Ғаламдық рейтингте ҚСЗИ (#KAZISS) орны

2018 жылдың соңында «Әлемдегі жетекші сарапшылық орталықтар (АҚШ зерттеу орталықтарын қоспағанда)» жаһандық рейтингісінде ҚСЗИ әлемнің 8162 орталықтарының арасында 142 орынды иеленді.

2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ белгілі санаттар мен бағыттар бойынша жаһандық рейтингке енгізілді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы ол әлемдегі ең мықты 150 «аналитикалық орталықтардың» тізіміне еніп, алғаш рет 6 846 жаһандық ғылыми орталық арасында 147 орынды иеленді. Соңғы үш жылда рейтингке қатысатын аналитикалық орталықтардың саны 1316-ға жетті.

1 1

ҚСЗИ тағы да Пенсильвания Университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» негізгі рейтингіне енген жалғыз қазақстандық орталық.

Кесте 2. Жаһандық аналитикалық орталықтадың топ-рейтингісі (АҚШ қоспағанда)

4

5

Соған қоса, рейтингте 55 түрлі номинация бар, олар өз кезегінде 4 негізгі топқа біріктіріледі. «Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталықтар» тобында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ Экономикалық және әлеуметтік даму орталығынан (Әзірбайжан) кейін екінші орынды иемденді.[2].

Негізгі топтардағы ҚСЗИ (#KAZISS) орны

2 1

«Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталықтар» тобына Қазақстанның ең көп аналитикалық орталықтар енген болатын.

Кесте 2. «Орталық Азиядағы жетекші аналитикалық орталықтар» тобы

3 1

Жалпы алғанда, Пенсильвания университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» рейтингте Қазақстандық аналитикалық орталықтардың саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн.

[1] Рейтинг бағаланатын аналитикалық орталықтарға экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңнан астам журналистер, саясаткерлер және сарапшылар қатысуымен жүргізілетін зерттеу нәтижелерлі бойынша құрастырылады. Қорытынды кезеңіңде беделді сарапшылар тобы рейтингке қатысып, олардың пікірлері негізінде қорытынды баға анықталады. Рейтингті құрастыру үшін географиялық орналасуы, қызметтік және ұйымдық бағыты, ғылыми және талдамалық жұмыстың сапасы мен беделі, брифингтер мен ресми кездесулердің саны, сондай-ақ бірнеше номинацияларға негізделген «аналитикалық орталықтардың» арнайы жетістіктері есепке алынады.

[2]  Пенсильвания университетінің жіктеу рейтингіне сәйкес Кавказ елдері (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Ауғанстан Орталық Азия елдерінің тобына жатады.

Басылымдар