Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған «Ұлы дала: түріктердің тарихи мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.  https://www.inform.kz/ru/uchenye-kazahstana-i-rossii-obsudili-stat-yu-sem-graney-velikoy-stepi_a3493892

Дөңгелек үстелді ашқан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі Ерлан Байжанов Ұлы дала тарихи мұрасының тақырыбы ғалымдардың - тарихшылардың, түркітанушылар мен этнологтардың ғылыми қызығушылығын тудыратын орталығында тұратынын атап өтті. Қазақстан мен Ресей үшін бұл өте маңызды, себебі бұл көптеген түркітілдес халықтар тұратын біздің елдерімізде тарихи сананың қалыптасуымен тікелей байланысты.

5

Іс-шараға қазақстандық және ресейлік беделді сарапшылар мен журналистер қатысты. Олардың ішінде РҒА шығыстану институтының шығыстану кафедрасының меңгерушісі, РМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Васильев, Ресей ғылым академиясының шығыстану институтының профессоры Александр Кадырбаев, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік сыртқы институтының Кавказ және аймақтық қауіпсіздік мәселелері орталығының аға зерттеушісі Ахмет Ярлыкапов, РҒА Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Александр Васильев.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының кандидаты, «Сакральды Қазақстан»3 ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы қатысты. Қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мен Қолжазба және сирек кітаптар орталығы жанындағы «Мұрағат-2025» Ғылыми-әдістемелік орталығын құрды. Берік Әбдіғалиұлы басшы болып тағайындалды. http://lenta.inform.kz/en/nauchno-metodicheskiy-centr-arhiv-2025-sozdali-v-kazahstane_a3491385

Ол орталықтың өткізген ірі мәдени және ғылыми-тарихи жобалары туралы әңгімелеп берді. Бүгінгі таңда зерттелген орындар: «Бұл адамдар мен мемлекеттің тарихи жадында ең үлкен құндылық болып табылатын орындар. Әр объектіні сертификаттау ұйымдастырылады, содан кейін мемлекет оны қорғауға алады. Биылғы жылы парламентте заң жобасы қабылданатын болады». Б.Әбдіғалиұлы Президенттің мақаласында жарияланған «Мұрағат-2025» бағдарламасы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ол Астанадағы сақ мәдениетінің мұражайын құру туралы хабарлады. Қазақстандық ғалым тарихи тәжірибені жалпыландыру және жаңарту, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оның қатысушылары Қазақстан тарихын ресейлік және шетелдік ғалымдардан зерттеуге қызығушылықты ынталандыру үшін «Ұлы дала жеті қыры» мақаласының маңыздылығын атап өтті.

Басылымдар