Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

22 07 2019 1Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде, осы жылдың 17 шілдесінле Президент Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметінің мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Ұлттық кеңестің құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары, экономистер, саясаттанушылар кірді.

Дөңгелек үстелге аталған ұлттық кеңес мүшелері, саясаттанушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

22 07 2019 2ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина өз сөзінде: «Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі кеңінен талқылануда, бірақ ол туралы халықтың нақты түсінігі жоқ. Менің ойымша, Ұлттық кеңестің жұмысы басталмас бұрын Кеңестің өзі, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын арттыру қажет. Біздің ойымызша, Ұлттық кеңестің мақсаты-қоғамның, саяси партияның, азаматтық қоғамның пікірін жалпылау. Қоғамдық кеңестер саяси партиялармен жұмыс істемейді, олар тек азаматтық сектормен жұмыс істейді. Яғни, ұлттық кеңестің негізгі миссиясы – билік пен азаматтық сектор арасындағы көпір болу».

Басылымдар