Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

27 07 2019 12019 жылғы 17-18 шілдеде Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындаДжордж Маршалл атындағы қауіпсіздік мәселелерін зерттеу Еуропалық орталығы (Гармищ-Партенкирхен қ., Германия) түлектерінің «Ауғанстан үшін шешімдер» атты Орталық-Азия форумы өтті.

Аталған форум Ауған реттеуінің, Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, өңірлік ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеріне арналды.  Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Форум Ауғанстандағы жағдайды талқылау, қақтығысты тоқтату және осы елдегі жағдайды тұрақтандыру тетіктерін жасау үшін өңірдегі Маршалл атындағы орталық өткізетін іс-шаралар сериясындағы екінші болып табылады.

27 07 2019 2Екі күн ішінде ауған проблематикасымен, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын Маршалл атындағы орталықтың қызметкерлері мен түлектері бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, афган аралық шиеленісін реттеу және осы елдегі жағдайды тұрақтандыру жолдары, өңірдегі трансұлттық мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл нұсқалары, діни экстремизм мен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, өзара инфрақұрылымдық және көліктік-логистикалық жобаларды жүзеге асыру перспективалары, аймақ елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру, Ауғанстан үшін кадрлар даярлау, осы елдің қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өңірлік архитектурасына кірігуі мәселелері талқыланды.

27 07 2019 3Форумға Ауғанстан, Өзбекстандағы АҚШ және Германия елшіліктерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мен Өзбекстанның зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтынан 1997 жылғы Маршалл атындағы орталықтың түлегі, бас ғылыми қызметкер, әскери ғылым кандидаты Георгий Дубовцев қатысты. Өткізілген форум Орталық Азия елдерінен келген Дж. Маршалл атындағы орталық түлектері арасындағы байланыстарды жаңартуға, идеялармен алмасуға және олардың кәсіби байланыстарын кеңейтуге ықпал етті.

Басылымдар