Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

kitai12019 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Пекин университетінің делегациясымен кездесу өтті.

Пекин университетінің делегациясын «Халықаралық қатынастар», «Экономика», «Мемлекеттік басқару», «Океанология», «Медицина», «Өнер», «Юриспруденция», «Білім», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша әр түрлі кафедралар мен мамандықтардың профессорлары мен докторанттары құрады. Делегацияны Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Сәуле Қошанова жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ атынан кездесуге директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, аға сарапшы Болат Тоқабаев және халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Темірлан Ескендір қатысты.

ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев институт қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қатынастарының болашағы, "Белдеу және жол" бастамаcы, ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда қарсылығының ОА елдерінің экономикасына әсері сияқты қонақтарды қызықтырған мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Пекин университетінің өкілдері Қазақстан тарихына, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға, жастар көші-қоны мәселелеріне, қазақстандық білім және ғылым жүйесінің ерекшеліктеріне ерекше қызығушылық танытты. Өз кезегінде, олар ҚХР Жоғарғы оқу орындарының топ жетекшісі Пекин университетінде оқу және зерттеу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату ниетін білдірді.kitai2

Басылымдар