Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

15 08 12019 жылдың 15 тамызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Орталық Азия елдерінен жастардың көшуі: тәуекелдерді талдау және кері әсерді төмендету» жобасының шеңберінде екінші сарапшылар кездесуі өтті.

Жастардың көші-қоны туралы зерттеу жұмысы Халықаралық миграция ұйымының (ХМҰ) «Азиялық аймақтық миграция бойынша бағдарламасы» жобасының аясында өткізілуде.

Жобаны іске асыруда Қазақстан (соның ішінде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қызметкерлері), Қырғызстан, Тәджікстан, Өзбекстанның миграция бойынша жетекші сарапшылары қатысып жатыр. 2019 жылдың мамыр-тамыз айларында зерттеушілер тобы зерттеу жұмыстарын, заңнама және аймақтағы ағымдағы миграция үдерістерінің трендтерінің талдауын өткізді.

Өңір елдерінің релеванттық мемлекеттік құрылымдарын, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық институттарды таныстырған сыртқы сарапшылардың қатысуымен өткен екінші сарапшылар кездесуі жобаның алдын ала нәтижелерін талқылауға арналды. Сарапшылар ел баяндамаларының мазмұны мен қорытындыларымен қоса, болашақта қорытынды баяндамада орын алатын ұсыныстарды талқылады.

ҚСЗИ атынан кездесуге директор Зарема Шәукенова, бас ғылыми қызметкерлер Ирина Черных пен Леся Қаратаева, аға ғылыми қызметкерлер Анастасия Решетняк пен Анна Альшанская қатысты. 15 08 2

Басылымдар