Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

19 12019 жылдың 16 тамыз күні астанада Тәуелсіздік Сарайында Президент Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Тәуелсіздік Сарайында жиналғандардың арасында елдің барлық аймақтарынан келген мұғалімдер, колледж бен ЖОО оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері болды. Білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланды, сондай-ақ инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды.

Өз баяндамасында Президент жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы білім және ғылым саласын дамытуға жаңа қуатты серпін беру қажеттігін ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ Білім және ғылым министрлігіне үш тілді оқытуды енгізу үрдісін қайта қарауды тапсырды. Бұл мәселе оқытушылар мен оқу бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді.

Жаңа оқу жылындағы негізгі оқиғалар – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы мен 2025 жылға дейін білім және ғылымды дамыту бойынша жаңа мемлекеттік бағдарламаны бекіту. Білім мен ғылымды алдағы бес жылға дамыту бағыты қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде білім беру деңгейінің мазмұнын жаңарту, мұғалімдердің әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, білім беру саласын цифрландыру, жеке секторды тарту, ғылымдағы бизнестің рөлін арттыру бойынша ауқымды жұмысты сапалы жалғастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Тамыздың 7-інен 15-іне дейін тамыз конференциясы шеңберінде түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Осылайша 15 тамызда жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, ҒЗИ директорларына арналған «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» атты жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің тақырыптық алаңы ұйымдастырылды.

Өткізудің мақсаты – ғылым мен жоғары білімнің қазіргі деңгейін талдау, басқару мен ұйымдастыру саясатын өзгертуі, жоғары оқу орындарындағы академиялық саясат тиімділігін арттыру.

Іс-шараның спикерлері мен модераторлары: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Назарбаев Университетінің, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері.

Тақырыптық алаңда келесі сұрақтар талқыланды:

  • Ғылыми зерттеулердің тиімділігі;
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен әлемдік ғылымға интеграция;
  • ЖОО трансформациялау;
  • Жобалық басқарудың заманауи әдістері;
  • Жоғары білім беру жүйесіндегі HR менеджмент.

Берілген іс-шараны Ұлттық биотехнология орталығы мен Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

«Инновациялық ғылыми экожүйе: зияткерлік әлеует, басымдықтар, нәтижелілік» тақырыбындағы пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ашты.

19 219 3 1Панельдік сессияда Әділ Ыбыраев – «ҰМҒТСО» АҚ президенті, Вассилиос Турассис – Назарбаев Университеті инженерия мектебінің деканы, Зарема Шәукенова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Жақсылық Сәбитов - ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, PhD докторы, Ерлан Раманқұлов – Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры, Амандық Төлешов - Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры баяндама жасады.

ҚСЗИ директоры өзінің «Қоғамдық даму жүйесінің негізгі элементі ретінде ғылымға арналған міндеттер» баяндамасынла «ғылым орнықты дамудың маңызды мәселелерінің алдында өте маңызды, ол жергілікті және жаһандық мәселелерді анықтауға, түсіндіруге және шешуге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер, шешімдер мен технологиялар үшін іргетас жасайды. Ғылым тексеруге және қайталауға болатын жауаптарды табады, осылайша ол ақпараттандырылған шешімді қабылдау және әсерді тиімді бағалау үшін негіз береді.  Ғылым ғана дамудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, қоғамның рухани мәні мен техникалық басымдықтарын айқындауға қабілетті. Тек қоғам ғылым ұсынғанын қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы».

Басылымдар