Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

221 1 копия2019 жылдың 22 тамызында Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Ұлттық комиссия отырысы өтті. Отырыста бағдарламаның екі жарым жыл ішіндегі іске асырылу қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. https://www.inform.kz/ru/marat-tazhin-provel-zasedanie-nackomissii-po-realizacii-ruhani-zhangyru_a3558862

22 2Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Қазақ тілі әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыс кезең-кезеңмен үкіметтік іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасуда. Орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және ақпараттық жұмыс бойынша 4 топ жұмыс істейді.

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасы бойынша, Cambridge University Press, Oxford University Press және басқа ірі халықаралық баспалармен серіктестікте қазақ тіліне философия, саясаттану, дүниежүзі тарихы, экономика, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, ориенталистика, педагогика және басқа ғылымдар бойынша 48 оқулық аударылды. Бұл жұмысқа 300-ден астам ЖОО жетекші оқытушылары, редакторлар, аудармашы мен лингвистер қатысты. Оқулықтар мемлекеттің 113 ЖОО-на жеткізіліп, оқыаушылар мен студенттер тарапынан жоғары бағалануда. Олардың электронды нұсқалары ашық қолданыста «Қазақстанның ашық университеті» порталында жарияланған.

«Туған жер» жобасы бойынша 10 мыңнан астам меценаттардың қатысуымен 1800 мәдениет, білім, спорт нысандары салынды және 1500 нысан қайта жаңартылды. «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша біздің тарихымызда алғаш рет БҰҰ-ның қыркүйекте шығатын «Қазақстан поэзиясы мен прозасының антологиясы» атты халықаралық презентациясы 6 тілде басылып шығарылды.

«Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы бойынша 28 тарихи объект қалпына келтіріліп, ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. «Отырар» және «Тамғалы» визит-орталықтарының құрылысы аяқталуда. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнама жетілдірілуде. BBC World News, «Euronews»  телеарналарымен ынтымақтастықта Қазақстанның киелі нысандары туралы деректі фильмдер топтамасы түсірілді.  Қазақстандық қоғамдық даму институты мен бағдарламаның жобалық кеңселері барлық аудандарда құрылды.  Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саласындағы меценаттықты ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірледі. Білім және ғылым министрлігі волонтерлік қызметі үшін студенттерді материалдық қолдау тетігін әзірледі.

Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы бірқатар жаңа жобаларды іске қосуды тапсырды. 4-6 қыркүйекте Қазақстанның астанасында Азия елдерінің жазушыларының алғашқы форумы өтеді, оған 40 елден астам танымал әдебиетшілер қатысады.

22 3Тамыздың соңында «Мұражайда түн» жобасы басталады, ол қазақстандықтарға әр айдың төртінші сенбісінде сағат 21-ден 3-ке дейін елді мекен мұражайларының біріне тегін келуге мүмкіндік береді. Жаңа теледидар маусымында эфирге мәдениеттану сипатындағы телевизиялық, радио және интернет жобалар циклі шығады.  Қазақстандықтарды латын графикасындағы жаңа әліпбиді оқытуға телеарналар эфирінен шығатын және ғаламторда орналастырылатын бейнероликтер, видеолекциялар топтамасы бағытталған. «Классик» радиосының аумағын кеңейту жоспарлануда. 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды.  Осыған байланысты Ұлттық комиссия төрағасы мемлекеттік органдарға қоғамдық-пайдалы қызметі үшін студенттерді қолдау шараларын қабылдауды жеделдетуді тапсырды.

Отырыста Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мұрзалин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова сөз сөйледі.

Отырысқа Ұлттық комиссия мүшелері ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025»  ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Берік Әбдіғалиұлы қатысты.

Басылымдар