Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

12019 жылдың 21 тамызында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық консультативтік жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Іс-шара Орталық Азиядағы Search for Common Ground («Ортақ қызығушылықтарды іздеу») үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, мемлекеттік органдар, әлеуетті құрылымдар, зерттеу орталықтары мен білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Отырыстың негізгі тақырыбы онлайн-кеңістікте экстремизмнің алдын алу және оған қарсы тұру, әлеуметтік желілерде қарсы насихат жұмыстарын жүргізу және ғаламтордағы лаңкестік пен экстремизм қатері туралы азаматтарды ақпараттандыру мәселелері болды.

2Пленарлық сессияда Нұр-Сұлтан қ. Дін мәселерін зерттеу орталығының директоры Бауыржан Нұркенов онлайн-кеңістікте Орталықтың жұмысын қайта форматтау жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, жақын арада әлеуметтік желілерде Орталық парақшаларының жұмыс істеуіне кешенді аудит жүргізілетін болады. Орталықта құрылған SMM (Social Media Marketing) бөлімі аудиториямен қарым-қатынастың қазіргі заманауи әдістерін пайдалануға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

ҚСЗИ тарапынан отырысқа Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және Халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк қатысты.

Талқылау барысында онлайн экстремизмнің алдын алудың қиын сәттері анықталды. Олардың арасында: мақсатты аудиторияны анықтау және тиімді нарратив әзірлеу, араздық тілін пайдалануды болдырмау және халықтың белгілі бір топтарын стигматизациялау тәуекелдері бар.

Басылымдар