Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

28 08 2019 12019 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Халықаралық бейбітшілік бюросының  (IPB) қосарлас Президенті Райнер Браунмен кездесу өтті. Кездесу жаһандық қауіпсіздік пен ядролық таратпау режимін нығайтуға қосқан үлесі үшін саяси және қоғамдық көшбасшыларға берілетін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» Назарбаев сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысу кезінде жоспарланған іс-шаралар аясында өтті. Аталған сыйлық екі жылда бір рет тапсырылады және 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигонының жабылу күніне орайластырылған.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Зарема Шәукенова, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және бөлімнің ғылыми қызметкері Қымбат Нұрғалиева қатысты.

Директор Зарема Шәукенова ҚСЗИ тарихы, оның қазіргі кезеңдегі қызметі, зерттеулердің негізгі бағыттары, сонымен қатар халықаралық мәселелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыз бейбітшілікті қамтамасыз етуге және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Өз кезегінде Райнер Браун Халықаралық бейбітшілік бюросының ағымдағы қызметі, ядролық қарусыздану және ядролық қарусыз әлем орнату мәселесі бойынша бұрын өткізілген және алдағы жылдарға жоспарланған ірі іс-шаралар туралы айтып берді. Р. Браун климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және адамзаттың табиғи байлықтарын сақтауға жұмсалатын шығындарды қысқарту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Халықаралық бейбітшілік бюросының қосарлас Президенті Райнер Браунмен кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Тараптар ядролық қаруды таратпау, ядролық қару мен әскери шығындарды қысқарту, халықаралық қауіпсіздікті және бейбіт қатар өмір сүруді қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін Орталық Азия сарапшыларының қатысуымен бірлескен өңірлік конференция өткізу жөніндегі мәселені пысықтау туралы келісті.

Басылымдар