Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

25 08 2019 12019 жылдың 25-30 тамызында Стокгольм қаласында 25 жылдан астам уақыт бойы үкімет, іскерлік, ғылыми орта, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам үшін су ресурстары мен тұрақты даму мәселелерін талқылау жөніндегі маңызды платформа болып табылатын Дүниежүзілік су аптасы өтті.

Ұйымдастырушы - Стокгольм Халықаралық су институтының (SIWI) шақыруы бойынша осы ірі іс-шараға СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Айымдос Бозжігітов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегацияға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзендер департаменті директорының орынбасары Мұхтар Жәкенов пен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев кірді.

25 08 2019 2Дүниежүзілік аптаның жұмысына 145 елден 3,5 мыңнан астам адам қатысты. Орталық Азия үшін өңірлік экологиялық орталық (ОАӨЭО) дайындаған бағдарламаға жаһандық және өңірлік экологиялық және су бастамаларын ілгерілету бойынша панельдік пікірталастар мен семинарлар енгізілді. Форумға Орталық Азия мен Ауғанстанның барлық елдері делегацияларының қатысуы өңірде жинақталған тәжірибе алмасуды жүзеге асыруға, бүкіл әлем бойынша халықаралық әріптестермен, сарапшылармен және тәжірибелермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Апта шеңберінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстан форматында екі кездесу өтті,онда қазіргі уақытта су ресурстары бойынша өңірлік ынтымақтастықты кеңейту үшін кедергілер болып табылатын аса маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді.

Қазақстандық сарапшылар трансшекаралық өзендердің су және энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану – біздің еліміз үшін негізгі басымдық екендігін атап өтті. Өткен жылы Түркіменстанда саммиті өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне ерекше мән беріледі. Делегациялардың назары ХФСА құрылтайшы мемлекеттер басшылары арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды және тараптар жоғары деңгейдегі кездесу барысында ұсынған нақты бастамалар мен ұсыныстарды, атап айтқанда, Орталық Азияның халықаралық су – энергетикалық консорциумын құру мәселесін іске асырудың маңыздылығына тартылды.

Дүниежүзілік су апталығы аясында қазақстандық делегация SIWI Директорлар кеңесіне кіретін Стокгольм қалалық Кеңесінің Президенті Сесилья Бринкпен және SIWI атқарушы директоры Торгни Холмгренмен кездесті. Т. Хольмгреннің айтуынша, «Дүниежүзілік су апталығы су ресурстары мен даму мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың негізгі кездесу орны болып табылады; дәл осы жерде біз ең озық идеяларды ұсыну үшін бірге жиналамыз».

Өңір өкілдерінің Су аптасына келуіне Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігі көмек көрсетті. Бұл Альпі елі Орталық Азияның су және экологиялық жобалары бойынша айтарлықтай қаржылық және техникалық көмек көрсетеді.

Дүниежүзілік су аптасы ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өз жұмысын ашатын «Орталық Азиядағы су мәселелері бойынша сұхбат: ұлттық деңгей арқылы жалпы аймақтыққа» Екінші Орталық Азия сарапшыларының форумы қарсаңында өтті. Оның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығы (ОАПДАО) және Орталық Азиядағы Фридрих Эберт атындағы қор.25 08 2019 3

Басылымдар