Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

3 09 2019 126-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында М. Нәрікбаев ат. ҚазГЗУ университетінде «Әсерді бағалау бойынша Семинар және Конференция» өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Джорджия штатының мемлекеттік университеті (Атланта, АҚШ), Astana Civil Service Hub, М. Нәрікбаев ат. ҚазГЗУ Университетінің Жоғары Экономика мектебімен бірлескен Экономикалық зерттеулер институты.

Басты спикерлер ретінде Эндрю Янг атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің деканы Салли Уоллис, Джорджия штаты университеті жанындағы Эндрю Янг атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық мемлекеттік саясат орталығының аға ғылыми қызметкері Бауыржан Едгенов, Білім беру және адамды дамыту колледжінің Білім беру саясаты саласындағы зерттеулер департаментінің Зерттеу, өлшеу және статистика бөлімінің доценті Кевин Фортнер шақырылды.

3 09 2019 2ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан осы іс-шараға Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Альшанская қатысты.

Іс-шара шеңберінде қатысушылар мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде және дамыған елдерде қолданылатын әсерді бағалаудың негізгі қағидаттары мен әдістерін қарастырды. Сонымен қатар, қатысушыларға әсерді бағалауды жүргізудің халықаралық тәжірибесімен танысуға және топтық жұмыс аясында өз идеялары мен жобаларын ұсынуға мүмкіндік берілді.

Басылымдар