Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

9 09 2019 titul2019 жылдың 9 қыркүйегінде Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары басшыларының оқу-әдістемелік кездесуі басталды. Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Георгий Дубовцев «Қазіргі әлемдегі әскери-саяси жағдай және оның Қазақстанның тұрақтылығына әсері» тақырыбында дәріс оқыды.

9 09 2019 2Сабақ барысында eуразиялық кеңістіктегі саяси тұрақсыздықтың себебі және аймақтық және Ұлттық қауіпсіздік үшін аса ықтимал сын-қатерлер мен қауіптер сияқты мәселелер талқыланды.

Оқу-әдістемелік дәрістің соңында қатысушылар сауатты түсіндіру, сондай-ақ радикалды-діни және террористік идеологияның ықпалына ұшырауы мүмкін халықтың түрлі санаттарымен алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жүйесін жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

Іс-шараға облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің бастықтары қатысты.

Басылымдар