Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

19 Mariot 12019 жылдың 19 қыркүйегінде аймақ елдерінің релеванттық мемлекеттік құрылымдарынан, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық институттардың атынан келген сарапшылардың қатысуымен Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым мен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ «Орталық Азия жастарының өмірлік стратегиялары мен ұтқырлығы: проблемалары, болашағы, әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

19 Mariot 2Конференцияға қатысушыларға ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары, Палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Орталық Азия бойынша үйлестіруші м.а. және Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы Виктория Касабян және Орталық Азия бойынша КҚХҰ субөңірлік үйлестіру кеңсесінің ұлттық офицері Евгений Хон құттықтау сөз сөйледі.

Осы іс-шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда КҚХҰ аясында жүргізілген «Орталық Азия елдерінің сыртқы жастар көші-қоны: қауіп-қатерлерді талдау және теріс салдарларды азайту» зерттеу нәтижелері таныстырылды. Осы баяндаманың авторларының ұжымына Қазақстаннан ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, бас ғылыми қызметкер Ирина Черных, аға ғылыми қызметкер Анастасия Решетняк кірді.

Конференция барысында қатысушылар Орталық Азия елдерінің сыртқы жастар көші-қонының жалпы өңірлік аспектілерін және осы үдерістің елдік ерекшеліктерін талқылады. Конференция барысында көшіп-қонушылардың білім беру және кәсіби жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ денсаулық, отбасы, әлеуметтік қолдау контекстінде Орталық Азия елдеріндегі жастар саясатына ерекше назар аударылды.

19 Marriot 3ҚСЗИ атынан конференцияға директор Зарема Шәукенова, кеңесші Жанат Ордалиева, бөлім басшылары Әсел Назарбетова мен Асара Мұқанова, бас ғылыми қызметкер Ирина Черных, аға ғылыми қызметкерлер Анастасия Решетняк, Анна Альшанская мен Жанар Санхаева, ғылыми қызметкер Бекжан Садықов қатысты.

Басылымдар