Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

20 09 2019 12019 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған «Орталық Азия мен Қытай стратегиялық серіктестігінің келешегі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел барысында Орталық Азия елдерінің Қытаймен қарым-қатынасын геоэкономикалық өлшеу және Орталық Азия елдерінің Қытаймен стратегиялық ынтымақтастығы аймақтық қауіпсіздік призмасы арқылы талқыланды.

Іс-шара жұмысына Орталық Азия елдерінің сарапшылары қатысты - Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Парвиз Мухаммадзода, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының бөлім басшысы Бахромжон Сотиболдиев, Қырғыз Республикасы Стратегиялық зерттеулер Ұлттық институтының аға ғылыми қызметкері Кубанычбек Тоқторбаев, Қырғыз халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің басқарма мүшесі Марат Казакпаев, сондай-ақ қазақстандық талдау қауымдастығының белгілі өкілдері, оның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры - Ержан Салтыбаев, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Әріпов, «China Center» Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы халықаралық орталығының директоры Әділ Қаукенов, ҚР БҒМ ҒК Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутов және басқалар.

                                       20 09 2019 220 09 2019 3

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов «BRI жобасын іске асыру кезеңіндегі Қазақстан мен Қытайдың сауда және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығы» атты баяндамасын ұсынды, онда 2013-2018 жылдар аралығындағы сыртқы сауда және өзара инвестициялар саласындағы екі жақты экономикалық қатынастардың үрдістерін қарастырды.

 

Басылымдар