Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

24 09 12019 жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. Тәуелсіздік сарайында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтті. Парламенттік форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Парламентінің Мәжілісі, Ресей Федералдық жиналысының Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық жиналысы болды.

Кеңесті аша отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Бүгін осында, Еуразия жүрегінде, Тәуелсіз Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Еуропа және Азия елдерінің парламентарийлері жиналды. Бұл Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші кеңесі. Әсіресе маңызды жайт, оның географиясы әр жолы кеңейіп, оның қатысушыларының саны өсуде. Қазіргі кеңес Еуропа мен Азия парламентарийлерінің ең ұсынылған форумы болды».

Кеңестің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев сөз сөйледі.

Еуразия елдері парламентарийлері кеңесіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үлкен Еуразияны дамытудың одан арғы жолдарын анықтау контекстінде өткізілетін IV кеңестің өзектілігін, парламентаралық диалог пен барлық құрлықта ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразия диалогын, континент елдері арасындағы сенім мен әріптестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.          

Нұрсұлтан Назарбаев парламентарийлерді әлем елдерінің жетекші державалары арасындағы жаһандық сенім дағдарысын шешу үдерісіне белсенді қатысуға шақырды. Бұдан басқа, Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық қоғамдастық үшін үлкен маңызы бар халықаралық шарттарды ратификациялау жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Форум жұмысына Еуропа мен Азияның 65 елінен парламенттік делегациялар, 14 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері қатысуда, олардың арасында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық Одақ, Азиялық Парламенттік ассамблея, Халық қоныстануы мен дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, АӨСШК, ИЫҰ Парламенттік Одағы, ТМД ПАА, АӨСШК, ШЫҰ.                                                                               

Қазақстанда осындай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. 4-ші кеңес ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығына орай өтуінің символдық мәні бар. Қазақстанның басты бағыты Еуразияны сол немесе өзге мемлекеттер арасында туындайтын қайшылықтарды бірлесіп, ұжымдық шешу, сондай-ақ ортақ сынақтарға қарсы іс-қимыл негізінде әріптестіктің принципті жаңа моделін сынақтан өткізуге арналған алаң ретінде ұстанымдау болып табылады.

Еуропа мен Азия елдерінің парламентарийлері Еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, XXI ғасырдың ірі интеграциялық экономикалық жобаларын жүзеге асыру жолдарын талқылады. Панельдік сессиялар, форум алаңында өткен ондаған екіжақты кездесулер әлемдегі ең үлкен континенттің парламентарийлеріне өздерінің заңнамалық тәжірибесімен алмасуға, күш-жігерді үйлестіруге және өз елдері халықтарының әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры бастаған сарапшылар тобы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысты.24 09 2

Басылымдар