Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

26 09 2019 12019 жылдың 26 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қ. Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған «Әлемдік интеграциялық үрдістердің тенденциялары: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция барысында панельдік сессиялар шеңберіндегі  интеграциялық үрдістердің теориялық және практикалық аспектілері: интеграциялық үрдістер жүйесіндегі Қазақстан, әлемдік интеграциялық үдерістер және олардың перспективалары, ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістер талқыланды.

Іс-шараға Германия, Ресей, Қазақстанның сарапшылары, сонымен қатар ҚР мемлекеттік органдарының, сараптамалық-талдамалы құрылымдардың өкілдері, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ докторанттары ме магистранттары қатысты.

Халықаралық ғылыми конференцияны аша отырып, Еуразиялық интеграция институтының директорының орынбасары Дарханбек Жанділдин қазіргі кезеңде интеграциялық үдерістердің ауқымы терең сипатқа ие болғанын атап өтті. «Әрине, осы сын-қатерлерге қатысты қайшылықтар да бар. Бұл мәселелерді шешу мемлекеттер тарапынан үлкен күш-жігерді талап етеді дегенді білдіреді. Мұнда жан-жақты талдау, талқылау және одан әрі ықпалдасу бойынша ұсыныстарды әзірлеу маңызды құрамдас болып табылады».

Пленарлық отырыста Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ интернационализация және имидж орталығының директоры Сеийт Али Авджу, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, «Еуразиялық зерттеулер» талдамалық порталының бас редакторы Юрий Кофнер (ГФР), ЭЖМ ҰИУ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құзыреттер орталығының жетекші сарапшысы Владимир Изотов (РФ), М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Сидорович, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары  Диана Мадиярова және Райхан Таштемханова, «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының кеңесшісі Владимир Тельнов сөз сөйледі.

26 09 2019 2Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты атынан халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова «Әлемдік интеграциялық үрдістер және олардың перспективалары» бірінші панельдік сессиясында «Өңірлік қауіпсіздік жүйесіндегі АӨСШК» баяндамасын жасады.

Басылымдар