Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

29 Kushkubaev 1А.ж. 26 қыркүйегінде Сеул қ. (Оңтүстік Корея) «Корей түбегін денуклеаризациялау бойынша ІІ Қазақ-Корей форумы» өтті. Форум жұмысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ядролық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар жөніндегі жетекші сарапшылар, мемлекет қайраткерлері қатысты. Форум ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Корея қоры.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Ұлттық ядролық орталығының, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының басшылығы кірді. ҚСЗИ атынан іс-шараға директордың орынбасары Санат Көшкімбаев қатысты.

29Форум барысында Корей түбегінің денуклеаризация мәселелері, Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайы мен динамикасы талқыланды. Осыған орай, ядролық қаруды иеленуден өз еркімен бас тартқан Қазақстанның тәжірибесі мен үлесі қарастырылды.

Атап айтқанда, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары, профессор Игорь Рогов форум барысында: «Қазақстан мен Оңтүстік Корея тек саяси және экономикалық байланыстарды ғана емес, ядролық қауіпсіздік саласындағы жалпы мәселелерді де байланыстырады. Біздің еліміз ядролық мұраның барлық ауыртпалығын өз тәжірибесінде таныды. Бүгін Тұңғыш Президент Қоры ядролық қарусыздану саласындағы қазақстандық тәжірибеге мүдделі корей сарапшылары өздерінің қазақстандық әріптестерімен сөйлесуге мүмкіндік алуы үшін осы алаңды құрды».

Өз кезегінде, Корея қорының президенті, профессор Ли Гун Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядросыз әлем қалыптастырудағы үлкен рөлін атап өтті: «Екі қордың жұмысы әртүрлі деңгейдегі ядролық қарусыздану мәселелері талқыланатын дәл осындай сапалы алаңдарды құрудан тұрады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан ядролық қауіпсіздік ісіне баға жетпес үлес қосты. Қазақстандық тәжірибе біз үшін өте маңызды. Бұл жұмыс форматы жалғасады және форум жұмысына басқа елдер қосылады деп ойлаймын».

ҚСЗИ директорының орынбасары Қазақстанның тәжірибесі түбекті денуклеаризациялау бөлігінде екі Корей үшін қызықты және маңызды болуы мүмкін екендігін атап өтті; Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру тәжірибесі жеке қызығушылық тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, Корей түбегінің денуклеаризация проблемасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) назарында.

Тараптар атап өткендей, мұндай форумдар-бұл басқа мемлекеттер мен ұйымдар үшін бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған прогрессивті ойлар туралы жолдау. Бұл жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен халықаралық сұхбатқа қосылуға шақыру.

Басылымдар