Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Сіз бағалайтынның бәрі – ядролық қарудан азат әлем үшін» халықаралық көшпелі көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті. Іс-шараны Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Soka Gakkai International» (SGI), Ядролық қаруды жоюды қолдайтын Халықаралық компания (ICAN) ұйымдастырады.

         Көрме Семей ядролық сынақ полигонындағы соңғы жарылыстың 30 жылдығына (1989 жылғы 19 қазан), «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына (2009 жылғы 5 қаңтар), Қазақстанның ағымдағы жылдың 29 тамызында әлемдегі 26-шы ел болып Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялаған атаулы күнге арналған. Сондай-ақ, аталған көрме - Елбасы кітапханасының жаһандық қауіпсіздік тақырыбына арналған халықаралық жобасының жалғасы. Оның алғашқы бөлімі - а.ж. 19 қыркүйекте Токио қаласында өткен Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» тақырыбындағы көрмесі мен халықаралық конференциясы.

         Көрме экспозициялары үш тақырыптық бағыттардан тұрады: «Біз үшін не қымбат?», «Ядролық қару мәселесі туралы көбірек біліңіз», «Біз қалайтын болашақ – әлемге деген көзқарасымызды өзгерту».

1 10 2Көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов көрменің ашылу салтанатында өз сөзінде көрме Жапония астанасы Токио қаласында өткен көрме мен Елбасы кітапханасының көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Халықаралық конференцияның логикалық жалғасы болып табылатынын атап өтті.

1 10 3Өз кезегінде Сока Гаккай Интернэшнл ұйымының вице-президенті Хироцугу Тэрасаки, Елбасы кітапханасына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, SGI Президенті Дайсаку Икеданың көрменің ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып берді.

1 10 4Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацукихо Касаи «Атом бомбасынан зардап шеккен Жапония мен Қазақстанның тарихы ортақ.

1 10 5Ядролық қарусыз әлем тақырыбы маған өте жақын, өйткені мен атом бомбасынан зардап шеккен үшінші буын өкілімін»,- деп атап өтті. Жапониядағы ядролық жарылыстан зардап шеккендерге көңілін білдірген Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси қайраткер Қуаныш Сұлтанов қазақстандықтардың ядролық сынақтар қасіретін жақсы білетінін айтты.

Сонымен қатар іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, танымал ғалымдар, сарапшылар, колледж студенттері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ және басқалары қатысты. Көрме 2019 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады.

1 10 6 1 10 7

Институт директоры Зарема Шаукенова бастаған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылар тобы халықаралық жылжымалы көрменің ашылуына қатысты.

1 10 8

 

Басылымдар