Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2 10 12019 жылғы 2 қазанда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бейбітшілікті қорғау, білім және мәдениет саласында қызмет атқаратын Сока Гаккай Интернэшнл (Жапония) халықаралық ұйымының делегациясымен сараптамалық кездесу өтті.

Кездесуге Сока Гаккай Интернэшнл вице-президенті, бейбітшілік және жаһандық мәселелер жөніндегі атқарушы директор Хироцугу Тэрасаки, Сока Гаккай Интернешнл халықаралық байланыстар департаментінің директоры Хадзимэ Мидзусима, Сэйкио газетінің тілшісі Сиюти Минами, аудармашы Сатиэ Митигути, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының Халықаралық байланыстар қызметінің жетекшісі Ерлан Өскенбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының Халықаралық байланыстар қызметінің аға ғылыми қызметкері Нұржан Хамзин қатысты.

2 10 2ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Зарема Шәукенова, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, ғалым хатшы Қазбек Исаев, кеңесші Жанат Ордалиева және Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Қымбат Нұрғалиева қатысты.

2 10 3Кездесу барысында Қазақстан мен Жапонияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі кезеңде негізгі мәселелері талқыланды.

2 10 4Іс-шараға қатысушылар Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ Орталық Азия+Жапония диалогтық алаңы аясындағы көпжақты ынтымақтастық саласындағы елдердің өзара іс-қимылын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Сока Гаккай Интернэшнл халықаралық ұйымы арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растады.

Басылымдар