Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

7d857358 3e36 449f 89a3 d7092275fe1a.jfif1Алматы қ. 2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасындағы Герман экономикасының кеңесі (VDW), Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігі және Конрад Аденауэр ат. қор ұйымдастыруымен «Қазақстандағы герман экономикасының 21-ші Күні» форумы өтті.

Іс-шара аясында үш панельдік сессия өткізілді: «Қазақстан экономикасын трансформациялау», «Логистика және Жібек жолы» және «Инвестицияларды қорғау-заңды және салықтық негіздемелік шарттар», онда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов сөз сөйледі.

Форум жұмысына герман бизнесінің, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдері, қазақстандық және германиялық тараптың сарапшылары қатысты. Баяндама жасаған ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров; Қазақстандағы ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннер; ҚР Мәжіліс депутаты Альберт Рау; «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Ульф Вокурка; ҚР Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің директоры Томас Хельм; тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев; КНУ ректоры Ласло Унгвари; ҚР СІМ Алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов және басқалар.

                                         В 2

ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту процесінің ерекшеліктеріне және осы саладағы соңғы тенденцияларға арналған «Қазақстан экономикасын трансформациялау» сессиясында «Қазақстандағы шетелдік инвестициялар: экономикалық дамудың дәрежесі мен әсерін прагматикалық бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

 

Басылымдар