Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

8 MM 12019 жылғы 7-8 қазанда Нұр-Сұлтан қ. «Құндылықтар: бізді не жақындастырады және не алшақ етеді?» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) мен Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігі бірлесе ұйымдастырды.

Конференция аясында 2018 жылы Фридрих Эберт қоры жүргізген «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары» атты зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті. Шара жекелеген бағыттар бойынша панельді пікір-талас форматында өтті. Сессияларға қазақстандық жетекші әлеуметтанушылар мен зерттеу жұмыстарының авторлары, саясаттанушылар мен сарапшылар, сондай-ақ, өңірлердің академиялық ғалымдары қатысты (Конференция бағдарламасын қар.).

8 MM 2ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының атынан «Құндылықтар елдің адами капиталын қалыптастырушы фактор ретінде» пленарлық секциясында «Қазақстандағы орта тап: құндылықтар, әлеуметтік ұстанымдар және мінез-құлық модельдері» баяндамасымен директордың орынбасары Мадина Нұрғалиева сөз сөйледі. Өз сөзінде ол орта таптың құндылықтарына, әлеуметтік бағдарларына және мінез-құлық үлгілеріне баса назар аударды. (Презентацияны қар.). 2018 жылы ҚСЗИ тапсырысы бойынша өткізілген «Қазақстандағы орта тап» ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ зерттеу нәтижелері негізінде құнды бағдарларды талдау ұсынылды. Сарапшы атап өткендей, «Білім алуға ұмтылу-орта таптың әлеуметтік мінез-құлығының негізгі бағыты. Орта тап өкілдерінің негізгі бағдары-өз кәсіби-білім беру ресурсына бағдарлану. Сонымен қатар, орта таптың «өзегі» жасқа да, мінез-құлыққа да байланысты жоғары экономикалық белсенділікті көрсетеді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, орта тап «өзек» өкілдерінің айлық табысы орташа статистикалық Қазақстандықтардың табыстарынан айтарлықтай асып түседі. Өмірлік қиындықтарды жеңуде «жалпыланған» орта тап өкілдері отбасын қолдауға бағдарланады. Жалпыланған орта таптың құрамында әрбір 5-ші адам ғана -  либералды құндылықтардың жақтасы. Көп жағдайда орта тап сайлауға қатысып, саяси белсенділік танытады».

Басылымдар