Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 23 қазанында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да мемлекеттік органдар, күш құрылымдары, зерттеу орталықтары мен білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен Орталық Азиядағы Search for Common Ground («Ортақ мүдделерді іздеу») үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық консультативтік жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы Қазақстандағы радикалды идеологияға және радикалды көріністерге нөлдік төзімділікке иммунитетті қалыптастыру, оның теориялық және практикалық аспектілері болды.

ОО Search for Common Ground Ground Орталық Азия бағдарламасының директоры Кенешбек Сайназаров өзінің құттықтау сөзінде зорлық экстремизмнің алдын алу құралдарын іздеудегі өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы Жарас Аханов радикалды идеологияның таралуының геосаяси проблемаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Оның пікірінше, экстремизмге қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметі практикалық тұрғыда үш сала: саясат, экономика және идеология тоғысында жүргізілуі тиіс.

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының директоры Әлім Шәуметов «Жусан» операциялары аясында елге қайтарылған ҚР азаматтарын оңалту және қайта ықпалдастырудың қазақстандық тәжірибесі туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол халықтың осал топтарын радикалдандыру паттерлерін сипаттап, халықтың қалың топтарымен профилактикалық жұмыс істеу қажеттігін көрсетті, өйткені практика әлеуметтік-экономикалық фактор радикалдау процесінде әрдайым шешуші болып табылмайтынын көрсетеді.

Стратегиялық коммуникация жөніндегі кеңесші Мейрамгүл Бейсенова мемлекеттік саясат пен халықаралық жобалар аясында осал жастармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оның ұстанымына сәйкес, экстремистік идеологияның таралуына кедергі келтіретін негізгі фактор – сыни ойлауды дамыту және жастарға азаматтық білім беру.

ҚСЗИ атынан іс-шараға аға ғылыми қызметкер Анастасия Решетняк және аға сарапшы Болат Тоқабаев қатысты.

Басылымдар