Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті. Жақында Қор басқармасының Төрағасы болып Арын Орсариев тағайындалды.

Директорлар кеңесінің құрамына Олжас Құдайбергенов -Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры, Зарема Шәукенова - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Бибігүл Өтепқалиева - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, Амангелді Тойбаев - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы, Әсемгүл Молдажанова - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, Вассилиос Турассис – «Назарбаев Университеті» ДББҰ Ғылым және технологиялар мектебінің деканы, Мақсат Жабағин - Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, Дурвудхан Сураган - «Назарбаев Университеті» ДББҰ қауымдастырылған профессоры кірді. http://science-fund.kz/o-fonde/sovet-direktorov

Олжас Құдайбергенов «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол өз сөзінде осылай айтты: «Сіздер «Ғылым қоры» соңғы жылдары дау-жанжалдар болғанын білесіз. Бірақ бұл жалғаса алмайды. Білім және ғылым министрі қазір белсенді кадрлық өзгерістер жүргізуде, нәтижесінде Басқарма құрамы, Директорлар кеңесінің құрамы толығымен жаңартылды, сондай-ақ Қордың өзінің қызметтері жаңартылуда. Қорға деген көзқарасты өзгерту және екі-үш жыл ішінде қоғам үшін пайдалы қолданбалы ғылыми идеяларды белсенді қаржыландыруға қол жеткізу қажет».

Сонымен қатар Директорлар кеңесінің төрағасы Қордың Басқарма төрағасының алдында барлық мәселелерді біртіндеп шешу және мемлекеттік емес көздер есебінен қаржыландыру көлемінің өсуін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті. Оған жаңа орынбасарлары - Ахан Жарменов (заң мәселелері) мен Арман Қашқынбеков (қаржыландыруды тарту) көмектеседі, олардың кандидатураларын Директорлар кеңесінің мүшелері отырыста бекітті.

Отырысты қорытындылай келе, Басқарма басшылығы мен Директорлар кеңесінің мүшелері «Ғылым қоры» АҚ қабылдаған шешімдердің барынша жариялылығы мен ашықтығы туралы уағдаласты.

Басылымдар