Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 25 қазанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған «Қазақстан жастары-2019» Ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті.

Ұлттық баяндама «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жыл сайын жарияланады және жастар арасындағы жағдайға, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасайды.

Халықаралық және отандық сарапшылар қоғамдастығы үшін Ұлттық баяндаманың маңыздылығын айта отырып, сарапшылар келесі жылдары ұлттық баяндамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.

Сараптамалық талқылауға ҚР БжҒМ өкілдері, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жетекші сарапшысы Марат Шибутов, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, саясаттанушы Мұхтар Сейітбай, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының басшысы Алма Ауғанбаева қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан директордың кеңесшісі Мадина Нұрғалиева, әлеуметтік - саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова қатысты.

Басылымдар