Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

21-27 қазан аралығында Мәскеу қаласында «Болашақ үшін сұхбат-2019» атты ғылыми-білім беру бағдарламасы өтті. Ұйымдастырушылар - Е. М. Примаков ат. Сыртқы саяси ынтымақтастық орталығы, Горчаков қоры және РҒА ХЭХҚИ.

Іс-шара бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықтың, жария дипломатияның және инновациялық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша саяси және ғылыми қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың жетекші өкілдерімен жас мамандардың лекциялары, семинарлары, дөңгелек үстелдері мен кездесулерінің сериясын қамтыды. Бірінші жұмыс күні Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкинмен кездесу өтті. Сондай-ақ, бағдарлама алаңында Орталық Азия елдерінің сыртқы және ішкі саясаты мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Панельдік пікірталастар аясында қатысушылар Еуропалық одақтың қазіргі жағдайы, Таяу Шығыстағы жағдай, жаңа технологиялардың халықаралық қауіпсіздікке әсері, экономиканы цифрландыру перспективалары және «ақылды қалаларды» дамытудың әлемдік тәжірибесі сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Бағдарлама соңында әрбір қатысушыға сертификаттар берілді.

Іс-шараға халықаралық қатынастар саласындағы 60-тан астам жас маман, 27 елдің экономистері, саясаттанушылары мен сарапшылары, соның ішінде ТМД және алыс шетел мемлекеттері қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Альшанская қатысты.

Басылымдар