Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында «Бір белдеу және бір жол» сараптамалық клубы, Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институты мен ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Қытай Халық Республикасына 70 жыл және Қазақстан-Қытай достығы мен ынтымақтастығын нығайту» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында ҚХР-ның 70 жылдағы жетістіктері талқыланды, Қазақстан мен ҚХР арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көтерілді.

Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар – Болат Сұлтанов, «Бір белдеу және бір жол» сараптамалық клубы басқармасының төрағасы; ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулы Гэн Липин; «China Center» қытайлық зерттеулер орталығының директоры Әділ Қаукенов; Қазақ жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Клара Хафизова; «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жетекші сарапшысы Марат Шибутов; ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Антон Бугаенко және басқалар қатысты.

Дөңгелек үстелде «Реципиенттен инвестициялардың негізгі көзіне дейін - XXI ғасырдың әлемдік инвестициялық ағымдары жүйесіндегі ҚХР рөлінің өзгеруі» және «Қазақстандықтардың қоғамдық санасындағы Қытай бейнесі» тақырыбындағы баяндамалармен ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкерлері Вячеслав Додонов, Ирина Черных сөз сөйледі, сондай-ақ ҚСЗИ атынан іс-шараға бас ғылыми қызметкер Леся Каратаева қатысты.

Басылымдар