Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылғы 30 қазанда Қазақстанның ТДМ-ды іске асыруды қаржылық әкімшілендіру саласындағы әлеуетін нығайту мақсатында Азия Даму Банкі мен БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық бюджетті жедел кешенді бағалау және Қазақстандағы дамуды қаржыландыруды бағалау» тақырыбында семинар өтті. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Қазақстан 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне адалдығын көрсетіп, Нью-Йорктегі форумда өзінің алғашқы ерікті ұлттық шолуын ұсынды.

Семинардың ашылуында Ұлттық экономика Вице-министрі Жаслан Мәдиев, ҚР қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев, БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директоры Джованни Капанелли, сондай-ақ Қазақстандағы ЕО өкілдігі бағдарламасының жетекшісі Сильвия Пиетропаоло құттықтау сөз сөйледі.

Семинар барысында халықаралық кеңесші Грегори де Паепе ұлттық бюджетті тез кешенді бағалау (ТКБ) және дамуды қаржыландыруды бағалау (ДҚБ) методологиясын ұсынды, олар ТДМ мақсатына қаржы бөлу жөніндегі органдардың директивасы үшін нақты қадамдар мен құралдарды ұсынады.

Семинарға ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова қатысты.

Басылымдар