Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылдың 31 қазанында Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Алуан түрліліктегі бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты Халықаралық ғалымдар мен сарапшылардың форумы өтті.

Осы консультативтік-талдау органы Ассамблея жанынан 2009 жылдың 28 қаңтарында Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Оған этносаралық қатынастарды зерттеумен айналысатын көрнекті ғалымдар кірді.

Форумның басты тақырыбы-Көпмәдени қоғам феномені, этносаралық және мәдениетаралық коммуникация, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде мәдениетаралық диалогты нығайту, Қазақстан халқының бірлігін дамытуға ғылыми-сараптамалық қоғамның қосқан үлесі.

Іс-шара барысында «Көпэтносты қоғамдағы сұхбат және тиімді коммуникациялар», «Көпэтносты қоғамдағы жастардың рөлі», «Қазіргі заманның этнодемографиялық үдерістері: болашағы мен сын-қатерлері» атты үш тақырып бойынша панельдік пікірталастар өткізілді.

Форумда ҚХА ҒСК-нің өткен 10 жылдағы қызметінің қорытындысы шығарылды: ҒСК аясында ҚХА Даму стратегиясы, ҚХА тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар талқыланып, енгізілді, Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі жүйеленді, медиацияны қазақстандық тәжірибеде пайдалану мәселелері қарастырылды, өңірдегі этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Орталық-Азиялық сараптамалық алаң құрылды және т. б.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Джамиля Әбдіқадырова, ҚР Парламентінің депутаттары, халықаралық сарапшылар қауымдастығы мен зерттеу құрылымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция қатысты.

28 10 2

ҚХА ҒСК мүшесі Зарема Шәукенова «ҚХА қызметінің арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа этносаралық және конфессияаралық плюрализм мен толеранттылық елі ретінде танымал болды. Қазақстандық ғылыми қауымдастық үшін этносаралық қатынастарды зерттеу мәселелері тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының барлық кезеңдерінде өзекті болды. ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылған сәттен бастап оның мүшелері Қазақстанның этносаяси және конфессияаралық дамуы саласындағы зерттеулерді жүйелеуге және өзектендіруге қол жеткізді». З. Шәукенова ҚХА ҒСК мүшелерін ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты атынан 10 жылдық қызметімен құттықтады.

28 10 3

Форум соңында ҚХА ҒСК мүшелерін бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша ғылыми және қоғамдық қызмет саласындағы еңбегі үшін «Бірлік» медальдарымен марапаттау рәсімі, сондай-ақ «Құрмет» грамоталары мен алғыс хаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚСЗИ директорына Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатын табыс етіп, Институттың Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесімен одан әрі жемісті ынтымақтастығын тіледі.

28 10 4

Басылымдар