Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Үкіметі мен Азия даму банкі және БҰҰДБ тікелей қолдауымен  «People – First - МЖӘ қоғам үшін және тұрақты даму жолындағы жауапты инвестициялау (ESG)»  Бірінші инвестициялық МЖӘ Форумы өтті.

Форумның ашылуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев; дүниежүзілік МЖӘ ассоциациясының президенті Зиад Александр Хайек; БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия жанындағы МЖӘ тобы басшысының орынбасары Клаудио Меца; БҰҰ ЭСКАТО қаржылық даму бөлімінің бастығы Тиентип Субханий қатысты. Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов пен Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капанелли жасады.

Форум аясында МЖӘ мен Қазақстандағы инвестициялардың дамуындағы People – First  және ESG факторлары тұжырымдамасы талқыланды. Қазақстандық  МЖӘ орталығы мен PPP Investment Management Center (Оңтүстік Корея), Дүниежүзілік МЖӘ орталықтары мен кәсіпкерлер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ,  Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның МЖӘ орталықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қызылорда облысында студенттік жатақхана салу туралы Қазақстандағы алғашқы МЖӘ келісімшартына қол қойылды.

Форум барысында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм, мәдениет және спорт, көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы МЖӘ дамытудың көптеген мәселелерін талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ атынан әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Каримова қатысты.

Басылымдар