Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату
арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген 
үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады

2019 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қ. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жай-күйі және дамуы» азаматтық Форумы өтті.

Форум аясында «Қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтық қоғамның рөлі. АӨСШК елдерінің тәжірибесі» пленарлық отырысы және «Азаматтық қоғамды дамытудың келешегі» және «Жастар және азаматтық қоғамдағы байланыс механизмдері» панельді секциялары ұйымдастырылды.

Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы ұсынылып, АӨСШК мүше елдерінің «Азиядағы Сенім мен Ынтымақтастықтың ұлттық көрінісі» атты фотожұмыстарының көрмесі таныстырылды.

Форумның ашылуында Төрағаның орынбасары - ҚХА Хатшылық меңгерушісіЖансеит Түймебаев «Форумның тақырыбы Елбасының «Конструктивті қоғамдық диалог - тұрақтылық пен гүлденудің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауына толық сәйкес келеді» деп атап өтті. Жолдаудың бір тапсырмасы - үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту шараларын анықтау. Осы мақсатта азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы - елдегі азаматтық қоғам дамуының ең жарқын және сенімді үлгілерінің бірі».

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз сөзінде бұл форум АӨСШК дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. «Жаһандық және ішкі сын-қатерлер жағдайында, қалыпты дамуды тұрақтандыру үшін, азаматтық қоғам мемлекеттің сенімді серіктесі, тұрақтылық негіздерінің бірі және ел дамуының драйвері бола алады және болу керек».

Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріДанияр Есин ұсынды, ол «тұжырымдаманың жаһандық мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен бірыңғай жүйе ретінде өзара іс-қимыл жасауы болып табылады. Тұжырымдама 5 негізгі тақырыпты қамтиды: азаматтық белсенділікті дамытуды қолдау; азаматтық қоғамның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысуын арттыру; азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту; Қазақстандағы БҰҰ орнықты даму тұрақтылығын жүзеге асыруға азаматтық қоғамның кең қатысуы»

Форум жұмысына ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нурышев, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорының өкілі Дармендра Сингх, ҚР Парламентінің депутаттары, Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті ЕлшісіКим Дэ Сик, Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Имтиаз Ахмад Кази, Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Басылымдар